Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Облыстық мәслихаттың
шешімі

 

ҚР Әділет Министірлігі БҚО әділет департаментінің
нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің
тізілімінде  10.03. 2017ж. № 4707 болып енгізілді

 

 

Батыс Қазақстан облыстық
мәслихатының кейбір шешімдерінің
күші жойылды деп тану туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.    Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2.    Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3.    Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

           

 

            Сессия төрағасы                                           А.Таспихов            

Облыстық мәслихат хатшысы                     М.Құлшар

2017 жылғы 24 ақпандағы №9-17
Батыс Қазақстан облыстық
мәслихатының шешіміне
қосымша

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір күші
жойылған шешімдерінің
тізбесі

 

1.    Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы» № 14-2 «Облыстық және аудандық (қалалық) бюджеттер арасындағы 2014-2016 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін белгілеу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3375 тіркелген, 2013 жылы 31 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2.    Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 29-2 «2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4190 тіркелген, 2015 жылы 24 желтоқсанда «Орал өңірі» газетінде жарияланған).
3.    Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 8 сәуірдегі  №3-1 «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 29-2 «2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4333 тіркелген, 2016 жылы 19 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
4.    Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 22 шілдедегі  № 5-1 «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 29-2 «2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4493 тіркелген, 2016 жылы 29 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
5.    Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 6-1 «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 29-2 «2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4556 тіркелген, 2016 жылы 23 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
6.    Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 18 қарашадағы № 7-1 «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 29-2 «2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4599 тіркелген, 2016 жылы 3 желтоқсанда «Орал өңірі» газетінде жарияланған).