Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы №29-1 «2011-2015 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысының аймақтық даму бағдарламасы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Орал қаласы                                 №29-3                           9 желтоқсан 2015 жыл

 

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының

2010 жылғы 29 желтоқсандағы №29-1

«2011-2015 жылдарға арналған

Батыс Қазақстан облысының аймақтық

даму бағдарламасы туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы №931 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Жарлығына, «Жергілікті атқарушы органдар үшін бірыңғай көрсеткіштер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №166 бұйрығына және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 03-01-18.4157 хатына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «2011-2015 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысының аймақтық даму бағдарламасы туралы» Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 29-1 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген 2011-2015 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысының аймақтық даму бағдарламасында:

1-бөлім «Бағдарламаның паспорты» осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа басылымда баяндалсын:

2-бөлім «Ағымдағы жағдайды талдау» осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа басылымда баяндалсын;

3-бөлім «Өңірдің дамуының көрінісі» осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа басылымда баяндалсын;

4-бөлім «Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, нәтижелер көрсеткіштері, қол жеткізу жолдары» осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа басылымда баяндалсын;

  1. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енгізіледі.

 

 

 

Сессия төрағасы                                                      С.Сүлеймен

 

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                        М.Құлшар

 

 

 

 

Келісілді:

БҚО экономика және бюджеттік

жоспарлау басқармасының

басшысы                                                                                                                           Б.Қонысбаева