Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 маусымдағы «Бюджеттік кредиттерді қайта құрылымдау жөніндегі комиссия құрамы туралы» №4-9 шешімімен бекітілген комиссия құрамына өзгеріс енгізу туралы

Орал қаласы                                    № 9-14                          24 ақпан 2017 жыл

 

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2016 жылғы 10 маусымдағы
«Бюджеттік кредиттерді қайта құрылымдау
жөніндегі комиссия құрамы туралы»
№4-9 шешімімен бекітілген комиссия
құрамына өзгеріс енгізу туралы

 

 

             Қазақстан Республикасының  2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 13 ақпандағы №34 қаулысы негізінде Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қосымшаға сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 маусымдағы «Бюджеттік кредиттерді қайта құрылымдау жөніндегі комиссия құрамы туралы» №4-9 шешімімен бекітілген комиссия құрамына өзгеріс енгізіліп жаңа редакцияда жазылсын.

 

Сессия  төрағасы                                              А. Таспихов

Облыстық  мәслихат хатшысы                           М. Құлшар

 

 

 

 

Батыс Қазақстан облыстық
мәслихатының 2017 жылғы
24 ақпандағы № 9-14 шешіміне
қосымша

 

Бюджеттік кредиттерді қайта құрылымдау жөніндегі
комиссияның құрамы

1.    Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (салаға жетекшілік ететін), комиссия төрағасы;

2.    Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасы басшысының орынбасары (бюджетті атқару мәселелері бойынша), комиссия хатшысы;

Комиссия мүшелері:

3.    Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының басшысы;

4.    Батыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік  жоспарлау басқармасының басшысы;

5.    Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы;

6.    Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының басшысы;

7.    Батыс Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.