Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 15 қыркүйектегі «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесіне 2016 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбелеріне «Ақжайық» футбол клубы ЖШС-ін енгізуді ұсыну туралы» № 6-4 шешімінің орындалуы туралы

Орал қаласы                                    № 8-5                            9 желтоқсан 2016 жыл

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2016 жылғы 15 қыркүйектегі «Батыс Қазақстан
облысы бойынша тексеру комиссиясы»
мемлекеттік мекемесіне 2016 жылға арналған
мемлекеттік аудит объектілерінің тізбелеріне
«Ақжайық» футбол клубы ЖШС-ін енгізуді
ұсыну туралы» № 6-4 шешімінің орындалуы туралы

     Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңдарына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.    «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің «Ақжайық» футбол клубы» ЖШС-де бюджет қаражатының пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі туралы ақпараты қатерге алынсын.
2.    Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының әлеуметтік – мәдени даму және білім мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына болашақта облыстық спортты дамытуға бөлінетін бюджет қаражатының тиімді пайдалануын бақылауға алу ұсынылсын.

Сессия төрағасы                                   Т.Ескендіров

Облыстық мәслихат хатшысы                  М.Құлшар