Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 маусымдағы №4-8 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары және коммуналдық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссия құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Орал қаласы                                    № 8-4                          9 желтоқсан 2016 жыл

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2016 жылғы 10 маусымдағы №4-8
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары
және коммуналдық меншікке жататын
объектілерге қатысты концессиялар
жөніндегі комиссия құрамы туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 қарашадағы №340 қаулысы негізінде облыстық мәслихат  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 маусымдағы №4-8 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары және коммуналдық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссия құрамы туралы» шешімімен бекітілген комиссиясының құрамына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:

Орынғалиев

Ғалым Ғұбашұлы

Батыс Қазақстан облысы

энергетика және тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылық

басқармасының басшысы енгізілсін

Аталған комиссия құрамынан Байменов Мұрат Болатұлы шығарылсын.

 

Сессия  төрағасы                                               Т.Ескендіров

Облыстық  мәслихат хатшысы                           М.Құлшар