Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы №29-4 «2016-2020 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысының аймақтық даму бағдарламасы туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Орал қаласы                                  № 8-3                            9 желтоқсан 2016 жыл

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2015 жылғы 9 желтоқсандағы №29-4
«2016-2020 жылдарға арналған
Батыс Қазақстан облысының аймақтық
даму бағдарламасы  туралы»  
шешіміне өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Жарлығына және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 30 қарашадағы №03-01-18.4130 хатына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «2016-2020 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысының аймақтық даму бағдарламасы туралы» Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 29-4 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген 2016-2020 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысының аймақтық даму бағдарламасында:
1-бөлім «Бағдарламаның паспорты» осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа басылымда баяндалсын;
2-бөлім «Ағымдағы жағдайды талдау» осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа басылымда баяндалсын;
3-бөлім «Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар және қойылған мақсаттарға жету жолдары» осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа басылымда баяндалсын.
2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап колданысқа енгізіледі.

         Сессия төрағасы                                                Т.Ескендіров                                 

         Облыстық мәслихат хатшысы                           М.Құлшар  

        

         Келісілді:
         БҚО экономика және бюджеттік
         жоспарлау басқармасының басшысы               Қ.Маңқараев