Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы №29-7 «Батыс Қазақстан облысы бойынша 2016 жылы субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар залалды маршруттар тізбелерін бекiту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Облыстық мәслихаттың
шешімі

 

Орал  қаласы          №4-13         10 маусым 2016 жыл

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2015 жылғы 9 желтоқсандағы №29-7 «Батыс
Қазақстан облысы бойынша 2016 жылы
субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар
залалды маршруттар тізбелерін бекiту туралы»
шешімінің күші жойылды деп тану туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын  басшылыққа  ала  отырып,  Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы «Батыс Қазақстан облысы бойынша 2016 жылы субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар залалды маршруттар тізбелерін бекiту туралы» (2016 жылғы 12 қаңтардағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4220 нөмірмен Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Батыс Қазақстан облысының  Әділет департаментінде тіркелген, «Орал өңірі» газетінің 2016 жылғы 21 қантардағы  №7 жарияланған) №29-7 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппаратының басшысы А. Сұлтановқа жүктелсін.

 

Сессия төрағасы                                  С. Сүлеймен

Облыстық мәслихат хатшысы               М. Құлшар