Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы №15-3 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Орал қаласы                               № 3-2                             19 наурыз 2021 жыл

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының

2017 жылғы 6 желтоқсандағы №15-3

«Жергілікті мемлекеттік-жекешелік

әріптестік жобаларының тізбесін

бекіту туралы» шешіміне

толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңына және 2015 жылғы 25 қарашадағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а.бұйрығына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 6 желтоқсандағы №15-3 шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:

Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының бекітілген тізбесін келесі мазмұндағы 4, 5 тармақшалармен толықтырылсын:

4

Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы

«Орал қаласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық онкологиялық диспансері» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны базасында  сәулелі терапия орталығының қызметтерін ұсыну»

5

Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы

«Орал қаласындағы қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстау және дегельминтизация жасау, бірдейлендіру, биозарарсыздандыру, екпе жасау қызметі»

2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы                                    Н.Серғалиев

 

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                 Б.Қонысбаева