Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 маусымдағы №4-4 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Облыстық мәслихаттың шешімі

ҚР Әділет Министірлігі БҚО әділет Департаментінің нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 10.12. 2020 ж. № 6529 болып енгізілді

№ 40-6-1

 

Орал қаласы                                                                  9 желтоқсан 2020жыл

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 маусымдағы №4-4 «Батыс Қазақстан облысының азаматтарына емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүруді ұсыну туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 маусымдағы № 4-4 «Батыс Қазақстан облысының азаматтарына емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүруді ұсыну туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4472 тіркелген, 2016 жылы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Е.Калиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия  төрағасы                                                М.Құлшар

 

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                              М. Құлшар