Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облыстық маслихатының 2009 жылғы 11 ақпандағы №11-14 «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақының ставкалары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жоба

 

Орал қаласы                             №                             ____ __________ 2018 жыл

 

Батыс Қазақстан облыстық маслихатының

2009 жылғы 11 ақпандағы №11-14

«Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін

төлемақының ставкалары туралы»

шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 ақпандағы № 11-14 «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақының ставкалары туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3021 тіркелген, 2009 жылғы 3 наурыздағы «Орал өңірі» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне (Салық кодексі), «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес.

2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы                                                   

Облыстық мәслихат хатшысы                          М.Құлшар