Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Ауылдық елді мекенде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау қағидасын бекіту туралы

Облыстық мәслихаттың шешімі 

ҚР Әділет Министірлігі БҚО әділет Департаментінің нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 10.12. 2020 ж. № 6531 болып енгізілді

№ 40-4

 

Орал қаласы                                                                  9 желтоқсан 2020жыл

 

Ауылдық елді мекенде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Педагог мәртебесі туралы» Заңына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес ауылдық елді мекенде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау қағидасы бекітілсін.

2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия  төрағасы                                                 М.Құлшар

 

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                              М. Құлшар