Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды және мамандандырылған емдік өнімдерді қосымша беру туралы

Облыстық мәслихаттың
шешімі

                              ҚР Әділет Министрлігі БҚО әділет департаментінің
                      нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің
                        тізілімінде 05.01.2017ж. №4643 болып енгізілді

Орал қаласы                          № 8-9                     9 желтоқсан 2016 жыл

 

Азаматтардың жекелеген санаттарына
амбулаториялық емделу кезінде тегін
және жеңілдікті шарттармен
дәрілік заттарды және
мамандандырылған емдік өнімдерді
қосымша беру туралы

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қосымшаға сәйкес облыстық бюджет қаражаты есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттар және мамандандырылған емдік өнімдер қосымша берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 18-8 «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды қосымша беру туралы» (нормативтік  құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3582 тіркелген және 2014 жылғы 17 шілдедегі «Орал өнірі» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Сессиясының төрағасы                                   Т. Ескендіров

Облыстық мәслихат хатшысы                  М. Құлшар

 

 

 

2016 жылғы «9»  желтоқсанғы
№8-9   Батыс Қазақстан
облыстық маслихатының
шешіміне қосымша

Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен қосымша берілетін дәрілік заттар мен
мамандандырылған емдік өнімдер

 

Аурулар Халық
санаты
Дәрілік затты тағайындау үшін айғақтар (дәрежесі, сатысы, ауыр ағым) Дәрілік заттың атауы (шығару нысаны)
1. Бастапқы өкпе гипертензиясы Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі Босентан қабығымен қапталған таблеткалар;
Силденафил қабығымен қапталған таблеткалар
2. Ювенильдық артрит Диспансерлік есепте тұрған балалар Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі Тоцилизумаб инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат
3. Ревматоидтық артрит Диспансерлік есепте тұрған ересектер Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі Тоцилизумаб инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат
4. Ағзалар мен тіндерді ауыстырып қондырғаннан кейінгі жағдай Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі Тенофовир үлбірлі қабығымен қапталған таблеткалар
5. Кистозды фиброз (Муковисцидоз) Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Ауырлық дәрежесіне қарамастан барлық түрі Тобрамицин, ингаляцияға арналған ерітінді, капсулаларда ингаляцияға арналған ұнтақ;

Урсодезоксихолий қышқылы, капсула;

Ортатізбелі триглициридтер негізіндегі арнаулы емдік өнімдер