Вопросы и ответы

10 комментариев

  • Молдир

    Салеметсіздерме!мен Ақжайық ауданы,Тайпақ ауылының тұрғыны боламын.Осы соңгы 5 жылда ауылымызға ауыз су тартылып,ауылдың жағдайы бір сатыға жоғарылады деп айтуға болады.,бірақ менің жанұям материалдық жағдайымызға байланысты,әліде су жүргізе алмадық.Оның басты себебі,су тарту құнының жоғарылығында,қазіргі таңда 20-30м.қашықтық жүргізуі 102000тг.Бұл ауыл тұрғындары үшін өте үлкен баға!Ақжайығымыздың жағасында отырып алып,барлық халықтың осы ауыз суды жүргізуге қолы жететіндей етіп неге баға қоймасқа.Өзім мектепте жарты ставкамен жұмыста,бала келінім жұмыссыз.Мен сияқты қаншама тұрғын осы ақшаны жинап бере алмай отыр.Құрметті басшылар,осы хатым қараусыз қалмаса екен!Рахмет улкен!

    • SiteAdmin

      Құрметті Мөлдір!
      Сіздің Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылындағы су құбырынан суды үйге жеткізуге байланысты өтінішіңізді оқып таныстым.
      Тайпақ ауылындағы су құбыры Ақжайық аудандық әкімиятының теңгерімінде, бірақ қазіргі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бәсекелестік ортаға берілген, қазіргі уақытта аудан орталығындағы «Жайық Тех Сервис» мемлекеттік коммунальдық кәсіпорынына сенімгерлік басқаруға берілген.
      Қолданыстағы су тарту құны және тарифі 2014 жылдан бері бір қалыпта сақталуда, бәсекелістік ортада болғандықтан Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінде қаралғаны және беркітілгені туралы құжаттары тіркелген.
      Сондықтан бұл қалыптасқан тарифті қазіргі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес төмендетудің мүмкіншілігі жоқ. Бірақ та сіздің қазіргі қиын жағдайыңызды түсіне келе «Жайық Тех Сервис» мемлекеттік коммунальдық кәсіпорыны әкімшілігімен сөйлесілді. Сіз үйге су тарту туралы арызыңызды «Жайық Тех Сервис» мемлекеттік коммунальдық кәсіпорнына жолдауыңыз керек, олар су тарту құбырының қашықтығына сәйкес смета жасайды, осы жасаған сметаға сәйкес шыққан жалпы қаражаттың бірінші кезекте 1/3 бөлімін төлесеңіз, қалғанын 6 айға бөліп төлеуге олар келісім беріп отыр. Суды өткізу туралы осы жағдайларды ескеруіңіз сұралады.

      Батыс Қазақстан облыстық мәслихат хатшысы М.И. Құлшар.

  • Сәлеметсіз бе! Мен «Б» корпусына тестілеуге онлайн тапсырыс беріп едім. (По программе 3 административной службы и по программе 1административной службы оценки личных качеств.) деген Заявление и Расписка шыгарып алдым.Осы дұрыс па? Осымен тестілеуге кіре аламын ба?

  • Алексей

    Пожалуйста подскажите перечень земель которые можно взять в долгосрочную аренду. Так же интересуют земли в районе желаево. К кому по данному вопросу можно обратится?

    • Admin

      Уважаемый Алексей!
      Рассмотрев Ваше обращение сообщаем, что разрешение поставленных вопросов не входит в компетенцию Западно-Казахстанского областного маслихата.
      Уполномоченным органом, в компетенцию которого входит разрешение поставленных в обращении вопросов, является отдел земельных отношений г. Уральска, который находится в здании акимата г. Уральска по адресу: г. Уральск, проспект Достьқ-Дружба 182/1.
      doc

  • Нұрбек

    Сәлеметсізбе.2007жылы қазан айында жер теліміне өтініш беріп тізімге енген едім.Қазір егов кз порталы арқылы қарасам базада жоқсыз деп тұр.

    • Admin

      Салеметсізбе! Сіздің сұрағыңыз бойынша бұл мәселе облыстық мәслихаттың құзыретіне жатпайды. Қалалық әкімдігіне хабарласыңыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


*