Уполномоченный по этике

КУСНЕТДЕНОВА АЛМАГУЛ НУХОВНА

главный специалист  ГУ «Аппарат  Западно-Казахстанского областного маслихата»

Тел: 8 (7112) 510414

г. Уральск, проспект Достык-Дружба 201, кабинет № 305

День приема Время приема Адрес
В среду, третьей недели каждого месяца 10:00-12:00 г. Уральск, пр. Достык 201

 


Жолдау туралы пікір

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын ұсынды. Жаңа Жолдау бүгінгі таңда өз шешімін табуы тиіс маңызды мәселелерді шешуге бағытталған мақсаттар мен міндеттерді айқындап берді. Жолдауда отбасы мен жастар мәселесі, табыс табу деңгейі, жолдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, шағын бизнесті қолдау, әлеуметтік саланы дамыту, сот және құқық қорғау жүйелерін жаң­ғырту, ауыл шаруашылығы мен экология сияқты өзекті мәселелер қозғалған. Осының бәрі көрсетілген Жолдау қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арт­тырудың жаһандық стратегиясын біл­діреді деп нық сеніммен айтуға болады.

Елбасының Жолдауына сәйкес мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін түбегейлі арттырып, азаматтардың сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат құру көзделген.  «Сапа» – мемлекеттік қызметші өмірінің жаңа стилі, ал өзін-өзі жетілдіру – оның басты қағидаты болуға тиіс. Жаңа формацияның мемлекеттік қызметшілері мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты қысқартуға тиіс. Бұл арқылы тұрақты кері байланыс орнығып, мемлекеттік саясаттың нақты шаралары мен нәтижелері қызу талқыланып, жұртшылыққа түсіндіріледі»,-деп айқын көрсетілген.

Бонустық төлем бойынша жалақы төлеу жүйесі Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде пилоттық жоба негізінде табысты іске асып, өз тиімділігін көрсеткен болатын. 2019 жылы бұл жүйе біздің өңірде де іске қосылатын болады.

Елбасы сыбайлас жемқорлықпен күресті одан әрі жандандыру мақсатында 2019 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 80  пайызы, ал 2020 жылы кемінде 90 пайызы электронды форматқа көшірілуге тиіс.Сол үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңды жедел жаңарту керектігін ескертті.

Мемлекеттік  қызметте  де  жаңа  институттар  пайда  болуда, соның  бірі  -мемлекеттік құрылымдардағы  әдеп  жөніндегі  уәкілдер.   Әдеп  жөніндегі  уәкіл  — қызметтік   әдеп  нормаларының  сақталуын және  мемлекеттік  қызмет,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл туралы  заңнама мен ҚР мемлекеттік қызметшілерінің  әдеп  кодексін бұзушылықтардың  профилактикасын қамтамасыз ету  қызметін жүзеге  асыратын,  сондай-ақ өз  функциялары шегінде мемлекеттік  қызметшілер мен  азаматтарға  консультация  беретін мемлекеттік  қызметші.

Батыс  Қазақстан   облыстық  мәслихатындағы   әдеп  жөніндегі  уәкіл   ретіндегі  өз  жұмысымда,    мемлекеттік  қызметшілердің  қызметтік  әдеп  нормаларын сақтауын мониторингтеуді және  бақылауды  жүзеге асырып    отырамын. Мемлекеттік  органдардың қоғам  үшін  ашықтығын  қамтамасыз  ету мақсатында, нормативтік құқықтық  актілер – оның  ішінде  облыстық  бюджет, ережелер мен  әр түрлі  қағидалар   облыстық  қоғамдық  кеңестерде  кеңінен  талқыланады.

 Қазіргі  заманға кәсіби  және  дербес мемлекеттік аппаратты  қалыптастыру және  оны үздіксіз  жетілдіру  Қазақстанның  тұрақты және прогресивті дамуының,  сондай-ақ оның  жаhандық тегеуріндерге   жауабы  болып  табылады.

Мемлекеттік  қызмет және қоғам  институттары бірігіп атқаратын жұмыстардың  сан алуан түрі  бар,  соларды ұтымды  пайдалану  — бүгінгі күннің  талабы.

 Елбасы келер жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынды. Өйткені, еліміздің ертеңгі болашағы, оны дамытушы да қозғаушы күші осы жастар болып табылады. Жастардың бастамаларын қолдау мақсатында қаламызда бірқатар жастармен жұмыс жөніндегі орталықтар ашылып, тиісті нәтижелерін беруде.

Мемлекет басшысының бұл Жолдауы тұтастай алғанда бүкіл еліміздің дамуын ілгерілетудегі маңызы өте зор. «Халқымыздың бақуатты өмір сүруі және еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы – Тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік мұраты. Бірлігіміз мызғымаса, ынтымағымыз ыдырамаса, біз үшін алынбайтын асу, бағынбайтын белес болмайды»-дей келіп, Елбасы бізді бірге, бірлесіп жұмыстануға шақырды.

 

А.Н.Құснетденова,

Батыс Қазақстан

облыстық мәслиxат аппаратының

Әдеп жөніндегі уәкілі