Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты

23- маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған іс-шара болып өтті

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппараты ММ-де 23-маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне арналып, аппарат қызметшілері арасында санитарлық нормаларды сақтай отырып іс-шара болып өтті.

Шарада мекеме басшысы, облыстық мәслихат хатшысы  М.Құлшар   аппарат қызметкерлерін  кәсіби мерекелерімен құттықтап, ұзақ жылдар осы мекемеде қызмет істеп келе жатқан  бас маман Г.Қазимова мен мемлекеттік қызметте істеп, қазіргі таңда зейнеткер-ардагер Г.Уразғалиеваны абыройлы қызметтері үшін Алғыс хатпен марапаттады.