Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты

2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы

Облыстық мәслихаттың шешімі

ҚР Әділет Министірлігі БҚО әділет департаментінің нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде  19.12.2019ж. № 5896 болып енгізілді

Орал қаласы                                №32-1                                13 желтоқсан 2019 жыл

 

2020-2022 жылдарға арналған

облыстық бюджет туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 171 086 136 мың теңге:

салықтық түсімдер – 40 647 871 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 304 197 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 000 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 130 133 068 мың теңге;

2) шығындар – 165 742 220 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 12 303 365 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 18 950 709 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 6 647 344 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 1 307 755 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 1 307 755 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -8 267 204 мың теңге:

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
8 267 204 мың теңге:

қарыздар түсімі – 14 945 795 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 6 678 591 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

2. 2020 жылға арналған облыстық бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 4 желтоқсандағы «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес және осы шешімнің 4, 5, 6-тармақтарына сәйкес қалыптастырылады.

3. Қазақстан Республикасының «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 24-баптары қаперге және басшылыққа алынсын:

1) 2020 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің түсімі мен кредиттер 63 699 643 мың теңге жалпы сомасында ескерілсін:

инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге – 2 276 560 мың теңге;

ауыл шаруашылығы жануарларын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға – 2 217 493 мың теңге;

агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасын субсидиялауға – 100 000 мың теңге;

саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және карантинді объектілерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялауға – 2 837 мың теңге;

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75-жылдығына арналған мерекелік
іс-шараларды өткізуге – 7 714 мың теңге;

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге – 2 026 674 мың теңге;

балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакетке – 339 000 мың теңге;

арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын енгізуге – 2 763 мың теңге;

үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға – 62 086 мың теңге;

мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға – 163 104 мың теңге;

ымдау тілі маманының қызметін көрсетуге – 44 944 мың теңге;

техникалық көмекшi (компенсаторлық)  құралдар тiзбесiн кеңейтуге –
88 333 мың теңге;

Spina bifida диагнозымен мүгедек балаларды бір реттік қолданылатын катетерлермен қамтамасыз етуге – 1 150 мың теңге;

мүгедектерді әлеуметтік қолдауға – 421 615 мың теңге;

кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге – 36 120 мың теңге;

мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға – 616 мың теңге;

жалақыны ішінара субсидиялауға – 203 995 мың теңге;

жастар практикасына – 676 005 мың теңге;

NEET санатындағы жастарға және табысы аз көпбалалы отбасыларға, табысы аз еңбекке қабілетті мүгедектерге жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін гранттарға – 244 952 мың теңге;

ақпараттық жұмысқа – 1 760 мың теңге;

мемлекеттік халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін жұмыскерлердің жалақысына қосымша ақылар белгілеуге – 584 070 мың теңге;

жаңалық телебағдарламаларының трансляциясын сурдоаудармамен сүйемелдеуді қамтамасыз етуге – 9 707 мың теңге;

мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға – 1 059 695 мың теңге;

мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге – 149 613 мың теңге;

орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге – 804 851 мың теңге;

мемлекеттік орта білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға – 8 925 225 мың теңге;

мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге -4 330 507 мың теңге;

«Жас маман» жобасы шеңберінде колледждер үшін жабдықтар сатып алуға – 1 293 248 мың теңге;

мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға – 933 670 мың теңге;

мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге –
81 093 мың теңге;

көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға – 86 298 мың теңге;

медициналық ұйымның жыныстық құмарлықты төмендететін, сот шешімі негізінде жүзеге асырылатын іс-шараларды өткізуге – 506 мың теңге;

қаржы лизингі шарттарымен сатып алынған санитариялық көлік бойынша лизинг төлемдерін өтеуге – 186 976 мың теңге;

вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға – 1 018 264 мың теңге;

саламатты өмір салтын насихаттауға – 89 659 мың теңге;

ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыруға – 95 622 мың теңге;

мемлекеттік мәдениет ұйымдарының және архив мекемелерінің басқарушы және негізгі персоналына мәдениет ұйымдарындағы және архив мекемелеріндегі ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдык айлықақысына қосымша ақылар белгілеуге – 1 152 943 мың теңге;

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға – 1 517 642 мың теңге;

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беруге – 39 000 мың теңге;

көлiк инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға –
7 416 256 мың теңге;

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және (немесе) жайластыруға – 2 434 397 мың теңге;

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және (немесе) реконструкциялауға – 3 424 763 мың теңге, соның ішінде: әлеуметтік-осал топтар үшін тұрғын үй салуға – 1 324 763 мың теңге, аз қамтылған көпбалалы отбасылар үшін тұрғын үй салуға – 2 100 000 мың теңге;

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға – 861 865 мың теңге;

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға – 4 702 032 мың теңге;

газ тасымалдау жүйесін дамытуға – 176 211 мың теңге;

жылу-энергетика жүйесін дамытуға – 971 493 мың теңге;

Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және моноқалалардағы бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға – 305 001 мың теңге;

Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды дамытуға – 248 486 мың теңге;

индустриялық инфрақұрылымды дамытуға – 3 025 784 мың теңге;

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға – 114 969 мың теңге;

көліктік инфрақұрылымды дамытуға – 822 248 мың теңге;

нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға кредит беруге – 3 879 990 мың теңге;

мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға бюджеттік кредиттер беруге – 2 246 723 мың теңге;

облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит беруге – 500 000 мың теңге;

кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге кредит беруге – 458 283 мың теңге;

облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жылумен жабдықтау жүйелерін реконструкциялау және құрылыс үшін кредит беруге – 616 418 мың теңге;

облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкция және құрылыс үшін кредит беруге – 218 414 мың теңге.

4. 2020 жылға арналған облыстық бюджетте бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының түсімдері 6 647 344 мың теңге сомасында ескерілсін.

5. 2020 жылға арналған облыстық бюджетте облыстың жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздары шығарылымынан түсетін түсімдер 7 025 967 мың теңге сомасында ескерілсін.

6. Жергілікті бюджеттердің теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін 2020 жылға кірістерді бөлу нормативі төмендегі ерекшеліктер кірістері бойынша белгіленсін:

1) төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге келесі пайыздарда есепке алынады:

Бөрлі – 17,4%; Орал қаласы – 72,5%; Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Бәйтерек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау – 100%;

2) төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге келесі пайыздарда есепке алынады:

Бөрлі, Орал қаласы, Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Бәйтерек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау – 100%;

3) төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге келесі пайыздарда есепке алынады:

Бөрлі –17,4%; Орал қаласы – 72,5%; Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Бәйтерек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау – 100%;

4) әлеуметтік салық аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге келесі пайыздарда есепке алынады:

Бөрлі – 16,1%; Орал қаласы – 71,7%; Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Бәйтерек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау – 100%.

7. 2020 жылға облыстық бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге берілетін субвенциялар мөлшерінің жалпы сомасы 47 914 192 мың теңге болып белгіленсін, оның ішінде:

Ақжайық ауданы – 6 371 318 мың теңге;

Бөкей ордасы ауданы – 3 135 136 мың теңге;

Жаңақала ауданы – 3 540 486 мың теңге;

Жәнібек ауданы – 3 322 980 мың теңге;

Бәйтерек ауданы – 5 694 244 мың теңге;

Казталов ауданы – 5 688 590 мың теңге;

Қаратөбе ауданы – 3 587 877 мың теңге;

Сырым ауданы – 3 845 412 мың теңге;

Тасқала ауданы – 3 455 687 мың теңге;

Теректі ауданы – 6 094 144 мың теңге;

Шыңғырлау ауданы – 3 178 318 мың теңге.

8. Жергілікті атқарушы органдарға қарасты мемлекеттік мекемелер ұсынатын қызметтер мен тауарларды өткізуден түсетін ақшалар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіпте пайдаланылады.

9. 2020 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге облыстық бюджет қаражат есебінен бөлінетін нысаналы даму трансферттері мен ағымдағы нысаналы трансферттер
11 323 866 мың теңге жалпы сомасында қарастырылғаны ескерілсін, соның ішінде:

3 109 461 мың теңге – ағымдағы нысаналы трансферттер;

8 214 405 мың теңге – нысаналы даму трансферттері.

Аталған сомаларды аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге бөлу Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.

10. 2020 жылға арналған облыстық бюджетте қарыздарды өтеу 6 678 591 мың теңге сомасында қарастырылсын.

11. 2020 жылға арналған облыстық бюджетке төмен тұрған бюджеттерден бюджеттік алымдар қарастырылмайды деп белгіленсін.

12. 2020 жылға арналған облыстың жергілікті атқарушы органдарының резерві 797 000 мың теңге мөлшерінде бекітілсін.

13. Облыстың жергілікті атқарушы органының борыш лимиті 2020 жылдың 31 желтоқсанына 58 820 085 мың теңге сомасында белгіленсін.

14. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен белгіленген мамандар лауазымдарының тізбесіне ауылдық жерлерде қызмет ететін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласының азаматтық қызметшілеріне осы қызмет түрлерімен қалада айналысатын азаматтық қызметшілердің ставкаларымен салыстырғанда лауазымдық жалақыларын 25%-ға көтеру белгіленсін.

15. 2020 жылға арналған жергілікті бюджеттердің атқару үдерісінде секвестрлендіруге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі
4, 5-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

16. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

17. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қосымша (docx, 120 Kb)

 

Сессия төрағасы С. Потиченко
Мәслихат хатшысы М. Құлшар