2020 жылға арналған Батыс Қазақстан облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы

Облыстық мәслихаттың  шешімі

 

(ҚР Әділет Министірлігі БҚО әділет Департаментінің нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 19.03.2020 ж. №6090 болып енгізілді)

Орал қаласы                         №33-2                        18 наурыз 2020 жыл

 

2020 жылға арналған Батыс Қазақстан облысы бойынша

жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы

мөлшерлемелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне (Салық кодексі), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған 2020 жылға арналған Батыс Қазақстан облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.

2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 27 мамырдағы №25-3 «2019 жылға арналған Батыс Қазақстан облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде №5690 тіркелген, 2019 жылғы 6 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3. Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Е.Калиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы                                              С. Потиченко

 

Облыстық мәслихат                                  

хатшысы                                                           М.Құлшар

 

 

Батыс Қазақстан облыстық

мәслихатының 2020 жылғы

18 наурыздағы №33-2 шешімімен бекітілген

 

2020 жылға арналған Батыс Қазақстан облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері

Арнаулы су пайдаланудың түрі

Өлшем бірлігі Төлем мөлшерлемелері (теңге)
1 Тұрғын үйді пайдалану және коммуналдық қызметтер 1000 тек.м. 151,67
2 Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса есептегенде 1000 тек.м. 433,95
3 Ауыл шаруашылығы 1000 тек.м. 122,18
4 Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары 1000 тек.м. 117,97
5 Су көлігі 1000 т.км 14,75

Аббревиатуралардың толық жазылуы:

тек.м. – текше метр;

т.км – тонна километр.