2019 жылға арналған БҚО бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы

Жоба

 

2019 жылға арналған

Батыс Қазақстан облысы бойынша

жер үсті көздеріндегі су ресурстарын

пайдаланғаны үшін төлемақы

мөлшерлемелерін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы  «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне (Салық кодексі), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қоса беріліп отырған 2019 жылға арналған Батыс Қазақстан облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.
  2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №19-4 «2018 жылға арналған Батыс Қазақстан облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде №5352 тіркелген, 2018 жылғы 26 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы

 

Облыстық мәслихат                                   

хатшысы                                                           М.Құлшар

 

Батыс Қазақстан
облыстық мәслихаттың

2019 жылғы «___» _______ № ____

шешімімен бекітілген

 

2019 жылға арналған Батыс Қазақстан облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері

Арнаулы су пайдаланудың түрі

Өлшем бірлігі Төлем мөлшерлемелері, (теңге)
1 Тұрғын үйді пайдалану және коммуналдық қызметтер 1000 тек.м. 100,826
2 Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса есептегенде 1000 тек.м. 288,475
3 Ауыл шаруашылығы 1000 тек.м. 81,221
4 Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары 1000 тек.м. 78,42
5 Су көлігі 1000 т.км 9,803

 

Аббревиатуралардың толық жазылуы:

тек.м. – текше метр;

т.км – тонна километр.