Қоғамдық тыңдаулар

Қоғамдық тыңдаудың қорытынды хаттамасы

Қоғамдық тыңдау Батыс Қазақстан Облыстық Қоғамдық кеңесінің 2019 жылғы «25» маусымдағы №1 шешімімен тағайындалды

Қоғамдық тыңдау тақырыбы:

1. «Батыс Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын бекіту туралы» Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімінің жобасы туралы.

2. «Батыс Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы» Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімінің жобасы туралы.

Өткен күні және орны:

25 шілде 2019 жыл, сағат 11:00, Орал қаласы А.Карев 47, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының кіші залы

Талқылауға ұсынылған мәселелер

1. «Батыс Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын бекіту туралы» Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімінің жобасы туралы.

2. «Батыс Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы» Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімінің жобасы туралы.

Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар

Облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері А.Д.Досмухамбетов, А.Г.Искалиева, Д.А.Саратов, Т.К.Тапалов, Е.Г.Салыков пікірлері.

– Облыстық ветеринарияның жобасын қолдаймын.

– Жануарларды қорғау ұйымдарының белсенді болуларын ұсынамын.

– Бюджеттен бөлінген қаражат мақсатымен жойылуын біздер қоғам болып бірігіп қадағалауымыз қажет.

– Бүгін біздерге екі бағыт ұсынылып отыр, бірінші залалсыздандырып қайта мекендеу аймағына жіберу, екіншісі жою. Залалсыздандыруға келісемін, ал жоюға келіспеймін.

– Иесі бар иттер мен мысықтарға бюджеттен қаржы бөлінбеу керек. Қаңғыбас иттерді заласыздандырып мекендеу алаңына қайта жібергесін, оларға тамақтандыру мәселесін қала тұрғындары өзіміз бірігіп ұйымдастыруымыз керек.

– Залалсыздандырылып, барлық ауруларға қарсы егіліп, мекендеу алаңына қайта жіберілген иттер мен мысықтардың дәрі-дәрмек әсерінің  уақыты біткені қадағалаусыз қалып қоймаса деген ұсынысым бар.

– Біздерге ең бастысы халықтың қәуіпсіздігі мен деңсаулығы болғандықтан қаңғыбас иттер мен мысықтарды залалсыздандырғанымен де олардың іс әрекетін қадағалау мүмкін емес. Оларды 3-7 күн ұстап, әлеуметтік желі бойынша хабарлап, иесі табылмаған жағдайда  заңға қарсы келмейтін дәрі-дәрмектермен жою керек.

 

Облыстық үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, ғалымдар және Орал қаласының тұрғындары Г.И. Бижанова, Т.В.Абрамчема, Е.Д.Юзова, Б.Е.Айтуғанов, А.Қ.Атаев, Г.К.Абсатиров, Н.А.Аманбаев, Е.Жұматаевтің пікірлері:

–  Батыс Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларының 17 тармағына  барлық иттер мен мысықтарды тіркеу және залалсыдандыруды қосу керек және бас тартқан жағдайда айыппұл салу керек.

– Облыстық ветеринарияның жобасын қолдамаймын.

– Иесі бар иттер мен мысықтарды төмен бағамен немесе тегін  тіркеу мен заласыздандыруға мүмкіндік жасау керек.

– Қаңғыбас иттер мен мысықтарды қадағалау үшін әр шағын аудандарға жауапты ветеринариялық  маманды тағайындау қажет.

– Иесі бар иттер мен мысықтарды залалсыздандыруға қарсымын.

– Облыстық ветеринарияның жобасын қолдаймын.

– Иттер мен мысықтардың серуендету алаңдары салынса екен.

– Иттер мен мысықтарды асырау және серуендету ережелерін сақтамайтын немесе бұзатын тұрғындарға заң мен жауапкершілікті күшейту керек.

– Әлеуметтік желі беттерін ашып қаңғыбас иттер мысықтардың  азығына ақша жинап, тамақтандыру алаңдарын ұйымдастыру керек.

– Қаңғыбас иттер мен мысықтарды  мекендеу алаңына қайта жіберуге қарсымын, оларға тәлімбақ салу керек.

– Жаңа жобамен бірге  ескі жоба жұмыс істесе нәтиже болады.

Қабылданған ұсыныс

Қоғамдық тыңдауға 94 адам қатысты. Қоғамдық тыңдауда сөз сөйлеуге, өз ұсыныстарын айтуға  барлығына мүмкіндік берілді. 18 адам өз ойларын айтты.

1. «Батыс Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын бекіту туралы» Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімінің жобасы туралы мәселесін бір ауыздан қолдады.

2. «Батыс Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы» Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімінің жобасы туралы мәселесіне облыстық Қоғамдық кеңестің 20 мүшенсінің 18 қолдады, 2 қарсы болды. Көпшілігі қолдап 18 дауыспен осы жоба  қабылданды.

 

 

Қоғамдық тыңдау төрағасы                               Е.Салыков

 

Қоғамдық тыңдау хатшысы                              А.Айтимов