Қоғамдық тамақтандыру қауіпсіздігі қоғамдық кеңес назарында

Батыс Қазақстан облысының қоғамдық кеңесіне Батыс облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Құрманов Жайдар Бейсенбайұлының тарапынан келіп түскен өтініш хатына сәйкес, 2018 жылдың 19 шілдесінде Батыс Қазақстан облысының қоғамдық кеңесінің білім, мәдениет, спорт және жастар саясаты жөніндегі комиссиясы, экономиканың нақты секторын дамыту және кәсіпкерлік (ТКШ) жөніндегі комиссиясы мен Батыс Қазақстан облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бірлескен отырысы өтті.

Аталмыш отырысқа Батыс  Қазақстан облысының қоғамдық кеңесінің білім, мәдениет, спорт және жастар саясаты жөніндегі комиссиясының төрайымы А. Есекенова, Батыс  Қазақстан облысының қоғамдық кеңесінің экономиканың нақты секторын дамыту және кәсіпкерлік (ТКШ) жөніндегі комиссиясының төрайымы Ә. Салиева, Батыс Қазақстан облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директорының орынбасары Н. Мақсотов, Батыс Қазақстан облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары  Н. Мустаев, Орал қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы М. Танауов және тамақтандыру саласы бизнес субъектілері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Бірлескен отырыстың күн тәртібінде: «Тұрғындардың жаппай тамақтан улануын алдын алу мақсатында қоғамдық тамақтану саласындағы кәсіпкерлік нысандарын жалпыға ортақ Санитарлық Ережелерге сәйкес жұмыс жасауға үндеу шаралары туралы» мәселе қаралады.

Бірлескен мәжілістің алғы сөзін ашқан комиссия төрайымы А. Есекенова БҚО қоғамдық кеңесі азаматтық қоғамның мүддесін қорғаушы қоғамдық институт ретінде аталған мәселе бойынша мемлекеттік орган мен бизнес арасында ақпараттық-пікір алмасу алаңы ретінде ат салысатынын жеткізді. Батыс Қазақстан облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары  Н. Мустаев өз баяндамасында  облыс көлемінде өткізілетін ақпараттық-түсіндіру шараларына қарамастан,  кәспкерлік субъектілері қызметтерінің басталғандығы туралы хабарламастан, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама қорытындысынсыз қызметтерін іске асырып отырғандығын баса атап өтті.

рисунок
рисунок
рисунок

 

Еламан Мұзаппар

БҚО Қоғамдық кеңесі