Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы мүшелігіне кандидаттарды ұсыну туралы конкурс

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты облыстық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы мүшелігіне кандидаттарды ұсыну туралы конкурс жариялайды.

Конкурсқа жұмыс тобы мүшелігіне кандидат ретінде он сегіз жасқа толған, Батыс Қазақстан облысында тұратын және осы заңның 10- бабының 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін коммерциялық емес ұйымдар өкілдері және азаматтар қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін:

  1. Кандидатураны жұмыс тобы құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
  2. Кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.

Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда аталған құжаттарды осы хабарландыру жарияланған күннен бастап он күн ішінде, мына мекенжайға жолдау қажет:

Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 201, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты, №301 кабинет, телефон №: 51-92-34, 51-92-30(факс), электрондық пошта: zkomaslihat@bk.ru

 

                                                       Батыс Қазақстан облыстық

                                                                     мәслихаты