«Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көпбейінді қалалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынға ангиографиялық қондырғыны лизингке алу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы

Орал қаласы                                     № 23-3-2                          6 наурыз 2019 жыл  

 

«Шаруашылық  жүргізу құқығындағы

«Көпбейінді қалалық ауруханасы»

мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынға

ангиографиялық қондырғыны

лизингке алу» мемлекеттік-жекешелік

әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік

міндеттемелерді қабылдау туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы», Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 1 тамыздағы «Жергілікті атқарушы органдардың 2018-2020 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін бекіту туралы» бұйрықтарына және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 желтоқсанындағы №15-3 «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №19-2 шешіміне сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес «Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көпбейінді қалалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынға ангиографиялық қондырғыны лизингке алу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша «Zein Invest» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісімшартты жасасуға мемлекеттік міндеттемелері қабылдансын.

2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы                                                       М.Құлшар                                                        

 

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                                   М.Құлшар

 

Келісілді:

БҚО экономика және бюджеттік

жоспарлау басқармасы

басшысының орынбасары                                                                                          Е.Бекетов

     

 

 Батыс Қазақстан облыстық

  мәслихатының 2019 жылғы

6 наурыздағы №23-3-2     

шешіміне қосымша

 

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелердің көлемі

  мың.теңге

МЖӘ жобасының атауы

2019

2020

2021

«ШЖҚ «Көпбейінді қалалық аурухана» МКК үшін ангиографиялық қондырғыны лизингке алу»

123 454

123 454

123 454

БАРЛЫҒЫ

370 362