ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

      Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» заңының 10-бабына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі кеңес мүшелігіне азаматтық қоғам өкілдерінен бір бос лауазымдық орынға конкурс жариялайды. Кандидат ретінде коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде он сегіз жасқа толған, Батыс Қазақстан облысында тұратын және осы заңның 10- бабының 1-тармағында көрсетілген :
1) сотталғандығы болмауы;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылмаған болуы;
3) Психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық ұйымдарына есепте тұрмауы сияқты талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Конкурсқа қатысу үшін:
1. Кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2. Кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.
Заңның 10 бабының 1 тармағында белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидаттар Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.
Жоғарыда аталған құжаттарды конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін он күннің ішінде, мына мекенжайға жолдау қажет: Орал қ., Достық-Дружба даңғылы, 201, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты, №300 «А» кабинет, телефон №: 51-35-75, 51-92-30(факс), электрондық пошта: zkomaslihat@bk.ru

 

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің төралқасы.