Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты

Төралқа отырысы оздырылды

10 қаңтар күні Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кіші залында Қоғамдық кеңестің хатшысы Әйтімов Ақсерік Сарыұлының төрағалық етуімен облыстық Қоғамдық кеңестің төралқа отырысы оздырылды. Отырысқа облыстық Қоғамдық кеңестің төралқа мүшелері    М.И Құлшар, Ж.К Кожжанов, А.Г Искалиева, А.У Есекенова, Ж.Ж Жақсығалиевтер қатынасты. Қоғамдық кеңестің төралқалар отырысына Батыс Қазақстан облыстық атқарушы органдар басшылары және құқықтық актілері жобаларының дайындауына жауапты мамандар шақырылды. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. 1) Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы; 2) Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивтерімен көрсетіліп, өткізілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) баға прейскурантын бекіту туралы; 3) Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы.

Қаралған мәселелер бойынша ұсыныстар айтылып, мақұлданды.