Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты

Тұрақты комиссиялардың бірінші бірлескен отырысы өтті

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының үлкен залында облыстық мәслихаттын VІІ шақырылымындағы тұрақты комиссияларының бірінші бірлескен отырысы өтті. Күн тәртібіндегі 2021-2025 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы  туралы Батыс Қазақстан облысының   экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы  басшысының орынбасары Ә.Т.Абенованың баяндамасы тыңдалды. Отырыс барысында депутаттар өз ойларын ортаға салып, Батыс Қазақстан облысында туризмді дамыту,  шалғай аудандарына «Дипломмен ауылға» баратын жас мамандарға берілетін жеңілдіктер көлемін ұлғайту, бұқаралық спортты дамыту, мұз сарайын салу, оңтүстік аудандарында су мәселелсін шешу жөнінде мәселелер көтеріліп, 2021-2025 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасын  кезектен тыс 2-ші сессиясының күн тәртібіне шығарылу ұсынылды.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок