Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты

Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттар, медициналық бұйымдар және мамандандырылған емдік өнімдерді қосымша беру туралы

Облыстық мәслихаттың шешімі

(ҚР Әділет Министірлігі БҚО әділет Департаментінің нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 02.10. 2020ж. № 6407 болып енгізілді)

 

Орал қаласы                        № 38-3                       «30» қыркүйек 2020 жыл

 

Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық

емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттар,

медициналық бұйымдар және мамандандырылған

емдік өнімдерді қосымша беру туралы

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 1-қосымшаға сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттар, медициналық бұйымдар және мамандандырылған емдік өнімдер қосымша берілсін.

2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдері 2-қосымшаға сәйкес күші жойылды деп танылсын.

3. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Е.Калиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы

 

Н. Сергалиев

Мәслихат хатшысы

 

М. Құлшар

 

 

Батыс Қазақстан облыстық

мәслихатының 2020 жылғы 30

қыркүйектегі №38-3 шешіміне

1-қосымша

 

Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттар, медициналық бұйымдар және мамандандырылған қосымша емдік өнімдер

Аурулар

Халық санаты

Дәрілік затты тағайындау үшін айғақтар (дәрежесі, сатысы, ауыр ағым)

Дәрілік заттың (шығару нысаны) және медициналық бұйыдардың атауы

1.

Бастапқы өкпе гипертензиясы

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Илопрост, капсулалар;
Сакубитрил + Валсартан қабығымен қапталған таблеткалар;
Эплеренон қабығымен қапталған таблеткалар

2.

Ювенильдық артрит

Диспансерлік есепте тұрған балалар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Тоцилизумаб инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат, тері астына енгізуге арналған ерітінді;

Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітінді;

Этанерцепт инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ

3.

Ағзалар мен тіндерді ауыстырып қондырғаннан кейінгі жағдай

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Тенофовир үлбірлі қабығымен қапталған таблеткалар

4.

Кистозды фиброз (Муковисцидоз)

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлық дәрежесіне қарамастан барлық түрі

Тобрамицин, ингаляцияға арналған ерітінді, капсулаларда ингаляцияға арналған ұнтақ;
Урсодезоксихолий қышқылы, капсула;
ортатізбелі триглициридтер негізіндегі арнаулы емдік өнімдер;
Колестинметат натрий, ингаляция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ

5.

Буллездік эпидермолиз

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Декспантенол аэрозоль, сыртқа қолдануға арналған крем, жақпамай, көз гелі,
аллантоин кремі, диацереина капсулалар, ортатізбелі триглициридтер негізіндегі арнаулы емдік өнімдер, құрамында дәрі бар зарарсыз таңғыш, зарарсыз бактерияға қарсы атравматикалық сіңгіш таңғыштар, дәке (жоғарысозымды бекіткіш, торлы, мақталы синтетикалық), силиконды жабыстырғыш, қорғаныш крем, көбік, гель, бальзам, құрамында дәрі бар жақпамай, эммолиенттер, антисептиктер, зарарсыз мақталы дискілер,
зарарсыз инелер апирогенді, майлықтар (зарарсыз, ылғалды гигиеналық)

6.

Ювенильдық дерматомиазит

Диспансерлік есепте тұрған балалар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Адамның қалыпты G иммуноглобулині, инфузияға арналған ерітінді;
Метотрексат, инъекцияға арналған ерітінді;
Метилпреднизолон, таблеткалар
 Анакинра, алдын ала толтырылған шприцте инъекцияға арналған ерітінді

Канакинумаб, бұлшықет ішіне және тері астына енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат

7.

Целиакия

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Панкреатин, құрамында минимикросфералар бар ішекте еритін қабықпен қапталған капсулалар;
Глютенсіз мамандандырылған емдік өнімдер

8.

Балалар церебралды сал ауруы

Диспансерлік есепте тұрған балалар

Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша

Ботулиндік токсин А типі кешені –гемагглютинин, бұлшықет ішіне және тері астына енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат

9.

Созылмалы С вирустық гепатиті

Диспансерлік есепте тұрған балалар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Софосбувир +Ледипасвир, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

10.

Гемотологиялық аурулар, гемобластоза және апластикалық анемияны қоса алғанда

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Верификацияланған диагнозда ауыртпалықтың барлық сатылары мен дәрежелері

Третиноин, капсулалар

11.

Қан ұю факторларының тұқым қуалаушылық тапшылығы

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша

Қан ұюының VIII факторы және Виллебранд факторы вена ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған құтыдағы лиофилизат

12.

Аяқталмаған остеогенез

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Туа біткен аномалия (қан ақаулары), қисаю және хромосомдық бұзылыстар

Ибандрон қышқылы, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, көктамыр ішіне инъекцияға арналған ерітінді;
Памидрон қышқылы, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат

13.

Жүректің ишемиялық аурулары

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша

Ривароксабан, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

14.

Эпилепсия

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша

Вигабатрин, қабығымен қапталған таблетка

15.

Көмей және трахея стенозы

Диспансерлік есепте тұрған балалар

Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша

Трахеостомиялық түтік;

Аспирациялық катетер

16.

Жүйелі беріштену (жүйелі склеродермия)

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша

Тоцилизумаб инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат

 

Батыс Қазақстан облыстық

мәслихатының 2020 жылғы 30

қыркүйектегі №38-3 шешіміне

2-қосымша

 

1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8-9 «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды және мамандандырылған емдік өнімдерді қосымша беру туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4643 тіркелген, 2017 жылы 12 қаңтарда «Орал өңірі» газетінде жарияланған);

2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 1 маусымдағы № 10-8 «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8-9 «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды және мамандандырылған емдік өнімдерді қосымша беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4838 тіркелген, 2017 жылы 5 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

3. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 15-7 «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8-9 «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды және мамандандырылған емдік өнімдерді қосымша беру туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5005 тіркелген, 2018 жылы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

4. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 21-11 «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8-9 «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды және мамандандырылған емдік өнімдерді қосымша беру туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5461 тіркелген, 2019 жылы 3 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

5. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 28 тамыздағы № 28-5 «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8-9 «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды және мамандандырылған емдік өнімдерді қосымша беру туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5776 тіркелген, 2019 жылы 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

6. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 18 наурыздағы № 33-5 «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8-9 «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды және мамандандырылған емдік өнімдерді қосымша беру туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6089 тіркелген, 2020 жылы 27 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 02.10.2020

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 6407 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Западно-Казахстанский областной маслихат – Председатель сессии Нурлан Хабибуллович Сергалиев, 30.09.2020 18:12:42, положительный результат проверки ЭЦП

Западно-Казахстанский областной маслихат – Секретарь маслихата Мәлік Иманқұлұлы Құлшар, 30.09.2020 18:14:00, положительный результат проверки ЭЦП

Западно-Казахстанский областной маслихат – Председатель сессии Нурлан Хабибуллович Сергалиев, 30.09.2020 18:15:02, положительный результат проверки ЭЦП

Департамент юстиции Западно-Казахстанской области – Заместитель руководителя Департамента Естай Елтаевич Рашкалиев, 01.10.2020 16:37:39, положительный результат проверки ЭЦП