Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 28 тамыздағы № 28-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жоба

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 28 тамыздағы № 28-2«Батыс Қазақстан облысы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңдарына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 28 тамыздағы № 28-2 «Батыс Қазақстан облысы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5778 тіркелген, 2019 жылғы 5 қыркуйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

Көрсетілген қаулымен бекітілген қағиданың

2-бөлімі:

9-тармағы келесідей редакцияда жазылсын:

«9. Тіркеу кезінде мемлекеттік ветеринариялық ұйымымен немесе ветеринариялық емханамен жануар иесінің төлемі есебінен жануарға сәйкестендіру микрочипі енгізіледі. Чип міндетті түрде барлық итпен мысыққа енгізілуі тиіс, төлем жануар иесі есебінен жүргізіледі. Қараусыз қалған (қаңғыбас) жануарларды бірдейлендіру жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.».

2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы                          

 

Облыстық мәслихат                                  

хатшысы                                                           М. Құлшар