Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы №32-1 «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Облыстық мәслихаттың шешімі

 ҚР Әділет Министірлігі БҚО әділет департаментінің нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 01.10.2020ж. №6393 болып енгізілді

 

Орал қаласы                                 №38-2                 30 қыркүйек 2020 жыл

 

 Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының

2019 жылғы 13 желтоқсандағы №32-1 «2020-2022 жылдарға

арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылы 13 желтоқсанда №32-1 «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5896 тіркелген, 2019 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 191 291 958 мың теңге:

салықтық түсімдер – 40 606 912 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 376 791 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 638 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 150 305 617 мың теңге;

2) шығындар – 197 119 488 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 38 373 267 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 45 208 772 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 6 835 505 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 500 000 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 500 000 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -44 700 797 мың теңге:

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
44 700 797 мың теңге:

қарыздар түсімі – 46 439 828 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 6 897 752 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 5 158 721 мың теңге.»;

аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

2020 жылғы 30 қыркүйектегі Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының №38-2 шешіміне қосымша (docx, 62 Kb)

 

Сессия төрағасы                                          Н.Серғалиев

 

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                      М.Құлшар