Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты

Орал қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ және ШЕШІМ

ҚР Әділет Министірлігі БҚО әділет департаментінің нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде  20.03.2020ж. № 6093 болып енгізілді

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Орал қаласы

2020 жылғы 18 наурызы

№ 48

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты

Орал қаласы

2020 жылғы 18 наурызы

№ 33-12

 

Орал қаласының әкімшілік-аумақтық

құрылысының кейбір мәселелері туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңына сәйкес және Орал қаласының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Орал қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:

Деркөл кенті әкімшілік орталығы болып, құрамына Ливкино, Кардон, Маштаково, Ветелки, Кумыска, Өскен ауылы, Новостройка-Кумыска елді мекендерін қоса отырып, Орал қаласының Деркөл кенті құрылсын.

2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы бірлескен қаулы және шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Батыс Қазақстан облысының әкімі

Г. Искалиев

Сессия төрағасы

С. Потиченко

Мәслихат хатшысы

М. Құлшар