«Орал қаласындағы шаруашылық  жүргізу құқығындағы «Облыстық клиникалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынға магнитты-резонансты томографты лизингке сатып алу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы

 Орал қаласы                                 №16-2-1                             16 наурыз 2018 жыл 

 

 

«Орал қаласындағы шаруашылық  жүргізу

құқығындағы «Облыстық клиникалық ауруханасы»

мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынға

магнитты-резонансты томографты лизингке

сатып алу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік

жобасы бойынша мемлекеттік

міндеттемелерді қабылдау туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 26 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдардың 2017-2019 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес «Орал қаласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық клиникалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынға магнитты-резонансты томографты лизингке сатып алу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша «Дал Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісімшартты жасасуға мемлекеттік міндеттемелері қабылдансын.
  2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Сессия төрағасы                                                       М.Байжанов

                    

Облыстық мәслихат хатшысы                                           М.Құлшар                   

 

 

 Батыс Қазақстан облыстық

  мәслихатының 2018 жылғы

     16 наурыздағы №16-2-1

      шешіміне қосымша

 

 

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелердің көлемі

  мың.теңге

МЖӘ жобасының атауы 2018 2019 2020 2021 2022
«Орал қаласындағы ШЖҚ «Облыстық клиникалық ауруханасы» МКК-ға магнитты-резонансты томографты лизингке сатып алу» 267 562 137 762 137 762 137 762 137 762
БАРЛЫҒЫ 818 611