Орал қаласындағы бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы

ЖОБА

 

 

 

Орал қаласы                                 №10-                         2017 жылғы 1 маусым

 

 

Орал қаласындағы бағалау аймақтарының

шекараларын және жер учаскелері үшін

төлемақының базалық ставкаларына

түзету коэффициенттерін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің 1 және 2-қосымшаларына сәйкес Орал қаласындағы бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері бекітілсін.
  2. 2005 жылғы 19 сәуірдегі №17-2 «Орал қаласының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2927 тіркелген, 2005 жылы 24 мамырда «Орал өңірі» газетінде жарияланған) және 2015 жылғы 9 желтоқсандағы №29-6 «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2005 жылғы 19 сәуірдегі №17-2 «Орал қаласының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері мен аймақтарының шекарасы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4226 тіркелген, 2016 жылғы 26 қаңтарда «Орал өңірі» газетінде жарияланған) Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы

 

         Облыстық мәслихат хатшысы                                         М.Құлшар

 

 

 

 

 

 

 

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының

2017 жылғы «____» __________ № ___

шешіміне

1-қосымша

Орал қаласындағы бағалау аймақтары шекараларының сызбанұсқасы

 

 

 

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының

2017 жылғы «____» __________ № ___

шешіміне

2-қосымша

 

Орал қаласындағы жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына

түзету коэффициенттері

 

Аймақтар

Кадастр кварталдарының нөмірі

Түзету

коэффициенттері

I.

001, 002, 003, 004, 005, 009, 010, 011, 012, 013, 014, 020, 021, 023

2,0

II.

052, 053, 054, 055, 056, 057, 040 бөлігі

1,75

III.

024, 025 бөлігі, 027 бөлігі

1,6

IV.

035,036, 040 бөлігі

2,0

V.

038

1,75

Желаев өнеркәсіптік аймақ – 034

VI.

031, 032, 025 бөлігі, 027 бөлігі

1,4

VII.

058, 060, 064, 065, 067, 154, 157, 139

1,75

VIII.

136, 137, 138

1,4

IX.

033, 140, 141, 145

0,75