Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты

Батыс Қазақстан облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтiк қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау қағидасын бекіту туралы

Облыстық мәслихаттың шешімі

ҚР Әділет Министірлігі БҚО әділет Департаментінің нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 23.12. 2020 ж. №6597 болып енгізілді

Орал қаласы                        №40-11                23 желтоқсан 2020 жыл

 

Батыс Қазақстан облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтiк қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау қағидасын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтiк қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау қағидасы бекітілсін.

2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы   М. Құлшар
Мәслихат хатшысы   М. Құлшар

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 24.12.2020

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 6597 болып енгізілді

Результаты согласования

Западно-Казахстанский областной маслихат – Руководитель аппарата Есентай Гиниятович Калиев, 23.12.2020 18:09:03, положительный результат проверки ЭЦП

Западно-Казахстанский областной маслихат – Секретарь маслихата Мәлік Иманқұлұлы Құлшар, 23.12.2020 18:09:58, положительный результат проверки ЭЦП

Западно-Казахстанский областной маслихат – Секретарь маслихата Мәлік Иманқұлұлы Құлшар, 23.12.2020 18:10:25, положительный результат проверки ЭЦП

Департамент юстиции Западно-Казахстанской области – заместитель   руководителя Департамента Естай Елтаевич Рашкалиев, 23.12.2020 19:06:06, положительный результат проверки ЭЦП