Батыс Қазақстан облысының қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру Қағидаларын бекіту туралы

 Жоба

 

Орал қаласы                                 №                                 тамыз    2019 жыл

 

Батыс Қазақстан облысының

қалалар мен елді мекендердің аумақтарын

абаттандыру Қағидаларын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы №318 «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы және «Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №235 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2019 жылғы 22 мамырда № 18712 тіркелді) бұйрықтарына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қосымшаға сәйкес Батыс Қазақстан облысының қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидалары бекітілсін.
  2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 26 маусымдағы № 11-5 «Батыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру Қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4873 тіркелген, 2017 жылғы 4 тамыздағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №19-3 «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 26 маусымдағы №11-5 «Батыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру Қағидаларын бекіту туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5350 тіркелген, 2018 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия торағасы

 

Облыстық мәслихаттың

хатшысы                                                 М. Құлшар

 

 

Батыс Қазақстан облыстық

мәслихаттың 2019 жылғы «___» тамыздағы

№ ____шешіміне

қосымша

 

 Батыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидалары

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1.  Осы Батыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экология кодексіне, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 386-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» (бұдан әрі – Заң), 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №235 «Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар және елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде №10886 тіркелді) бұйрығына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.
  2. Қағидалар Батыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру саласындағы тәртіпті айқындайды және қатынастарды реттейді және меншік түріне қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
  3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) абаттандыру – сол немесе өзге аумақты құрылыс және мақсаты бойынша қалыпты пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру, халықтың дені сау, жайлы және мәдениетті өмір сүру жағдайын жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстардың (аумақтарды инженерлік дайындау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолдарды салу, коммуникациялық желілерді және сумен жабдықтау, кәріз, энергиямен жабдықтау құрылыстарын, жабындар құрылғыларын дамыту, монументті өнердің шағын сәулеттік нысандары мен объектілерін орналастыру, көгалдандыруды жобалау, шу деңгейін азайту, микроклиматты жақсарту, ауа бассейнін, ашық су айдындары мен топырақты ластанудан қорғау бойынша) және көрсетілетін қызмет (аумақтарды құрғатуға және көгалдандыруға тазалау, жинау, санитариялық тазалау бойынша) жиынтығы;

2) қатты тұрмыстық қалдықтар – қатты түрдегі коммуналдық қалдықтар;

3) өтпе жол – тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға, шағын аудандар, орамдар, елді мекендер ішіндегі құрылыс объектілеріне көлік құралдарының кіруін қамтамасыз ететін жол элементі;

4) тротуар – жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолдың жүру бөлігімен шектесетін немесе одан көгалмен немесе арық жүйесімен бөлінген жолдың элементі;

5) уәкілетті орган – коммуналдық шаруашылықты реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

6) ұйым – абаттандыру саласында маманданып жүрген жеке немесе заңды тұлға;

7) шағын архитектуралық нысандар – декоративтік сипаттағы және іс жүзінде пайдаланылатын объектілер (мүсiндер, субұрқақтар, барельефтер, гүл құмыралары, павильондар, күркелер, отырғыштар, құтылар, балалар ойындары және ересектердiң демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);

8) іргелес аумақ – ғимараттар, құрылыстар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және заңды немесе жеке тұлғалардың балансындағы, меншігіндегі, иелігіндегі, жалға алуындағы басқа объектілер шекараларына тікелей (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы, сонымен қатар бөлінген телімдер шекарасынан бастап өтпе жол жиегіне дейін) жанасып жатқан аумақ.

 

  1. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету

 

  1. Заңды және жеке тұлғалар өздерінің нысандарына тиесілі барлық аумақтарда, оның ішінде жеке үй иелелігіндегі аумақтарда тазалықты сақтайды және тәртіпті қолдайды, абаттандыру элементтерінің (жолдар, тротуарлар, көгалдар, шағын сәулет нысандары, жарықтандыру, су жолдары) зақымдануына және бұзылуына жол бермейді.
  2. Жергілікті жерлерді ағымдағы санитариялық күтіп-ұстауды аумақтарды абаттандыру саласында маманданған ұйымдар жүзеге асырады.

5-1. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көзделген аумақтардағы абаттандыру жөніндегі барлық жұмыс түрлерi бекітілген жобалар бойынша орындалады. Аталған жұмыс түрлері Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  1. Барлық ұйымдық-құқықтық нысандағы жеке және заңды тұлғалар:

1) дербес өз қаражаты есебінен немесе ұйымдармен шарттар жасасу жолымен бөлінген аумақты санитариялық күтіп-ұстауды және абаттандыруды қамтамасыз етеді;

2) кез келген меншік объектілеріне ұқыпты қарайды, мемлекеттік меншік объектілеріне залал келтірілген жағдайлар туралы тиісті органдарды хабардар етеді;

3) көшелер және үй нөмірлері тақталарды техникалық дұрыс жағдайда және тазалықта ұстайды;

4) қоршауларды (шарбақтарды) және шағын сәулеттік нысандарды тиісті жағдайда (қоршаудың (шарбақтың) сыртқы жағын бояу, әктеу) күтіп-ұстайды.

 

  1. Аумақтарды жинауды ұйымдастыру

 

  1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды жинау және күтіп-ұстау мынадай жұмыс түрлерін қамтиды:

1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;

2) ірі көлемді қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;

3) сыпыру;

4) қамысты, қурайды, шөптерді және басқа да жабайы өсімдіктерді шабу және шығару;

5) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын жөндеу және сырлау.

  1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын аумақтарда орналасқан парктерді, скверлерді, бульварларды, су айдындарын, жағажайларды, зираттарды, оның ішінде оларда орналасқан тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, саты баспалдақтарын жинауды заңды және жеке тұлғалар мен осы объектілерге қызмет көрсететін және пайдаланатын аумақтарды бекіту субьектілері жүргізеді.
  2. Объектілердің меншік иелері меншік жапсарлас аумақтарда (автотұрақтар, боксты гараждар, ангарлар, қоймалық қосалқы құрылыстар, ғимараттар, сауда және қызмет көрсету нысандары) санитарлық тазалау және жинауды коммуналдық шаруашылық ұйымдарымен қамтамасыз етеді немесе өздері жүргізеді.
  3. Көшелер мен өтпе жолдардың бойында орналасқан тротуарларды, жолаушылар көлігінің аялдама алаңын жинауды жүру бөліктерін жинауға және күтіп-ұстауға жауапты ұйымдар жүргізеді.
  4. Аялдама кешендерін және қоғамдық жолаушылар көлігінің аялдама алаңында оларға іргелес аумақтарды, ақылы автотұрақтар, гараждардың аумақтарын, сондай-ақ кіреберіс жолдарды, іргелес аумақтарды жинауды және жууды олардың иелері жүзеге асырады.
  5. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізгізу кезінде құрылыс қоқыстарын осы жұмыстарды жүргізген ұйымдар шығарады.
  6. Су ағатын желілерде ластануды болдырмау үшін су ағатын коллекторларға, жауын суын қабылдайтын құдықтарға және арық жүйесіне қоқыстардың тасталуына жол берілмейді.
  7. Жерүстi инженерлік құрылыстарын пайдаланушы ұйымдар мен иелері инженерлiк желілердің қорғалатын аймақтарының шекарасында іргелес аумақтардың санитариялық күтіп-ұсталуын қамтамасыз етеді.

 

  1. Күзгі – қысқы мезгілде қалалар мен елді мекендердің аумақтарын тазартудың ерекшеліктері

 

  1. Күзгі – қысқы тазарту мезгілі қазаннан сәуірге дейін белгіленеді.
  2. Жолдарды қыста тазартуға мыналар кіреді:

жол жабынын тығыздалмаған, жаңа жауған қардан, тапалған қар-мұз бен мұздан тазарту;

көліктер мен жүргіншілердің қозғалысына арналған алаңдардан жол жамылғыларын тазалау кезінде жиналған қардан және сынықтардан тазарту (орын ауыстыру);

көктайғаққа қарсы материалдарды пайдалана отырып, көліктің доңғалақтарының жол жамылғысымен ілінісу коэффициентін күрт төмендететін, көктайғақ қабыршақтарын жою.

Қарды жинау мен сыпыру жол бетіндегі қардың қалыңдығы 4-5 сантиметрден аспай тұрған аралықта жүргізіледі. Қарды қар жауғаннан кейін 4 сағаттан кешіктірмей жинау қажет, қайтара жинау сол аралықта, ал қар толастамай жауғанда аяғына таман жиналады.

Қарды шығару мына мерзімдерде:

маңызды магистральдарда қар жамылғысы кемінде 6 сантиметр түскен кезде – екі тәуліктен, ал басқа жолдарда төрт тәуліктен кешіктірмей;

ал қар 6 сантиметрден аса түскенде – сәйкесінше төрт тәуліктен немесе жеті тәуліктен кешіктірмей жүргізіледі.

  1. Саябақтардағы, скверлердегі, бульварлардағы және басқа көгалды аймақтардағы жолдарды тазарту кезінде, жасыл желектердің сақталуы мен еріген сулардың ағуын қамтамасыз еткен жағдайда, құрамында химиялық қоспалары жоқ қарларды осы мақсаттарға бұрын дайындалған алаңдарда уақытша жинауға рұқсат етіледі.
  2. Қарды жинауға жауапты, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қарды уақытша жинау орындарын қар ерігеннен кейін қоқыстардан тазартады және абаттандырады.
  3. Қысқы мезгілде жолдар, саябақ орындықтары, қоқыс қораптары және басқа да элементтер мен шағын сәулет формалары, сондай – ақ олардың араларындағы және жанындағы жерлер, оларға баратын жолдар қар мен мұздақтардан тазартылуы керек.

Жолдың тротуарларымен жүру бөлігінде көшелердегі инженерлік желілерде болған апаттан пайда болған мұздақтар осы желілердің иелері болып табылатын заңды және жеке тұлғалармен бөлшектенеді және тазартылады.

Бөлшектенген мұздақтар белгіленген орындарға шығарылады.

  1. Көшелер мен өтпе жолдардан қарды шығару, жергілікті атқарушы органмен айқындалған, белгіленген орындарда жүзеге асырылады.
  2. Тротуарлар мен көпірлерге шығатын баспалдақтар асфальт – бетон жамылғыларының барлық ені бойына жаңа жауған қар мен тапалған қардан (пайда болған қар-мұздақтардан) тазартылады, қар тоқтаусыз жауған кезеңде көктайғаққа қарсы материалдармен өңделеді.
  3. Аулаішілік аумақтар қар мен мұздақтардан асфальтқа дейін тазартылады. Мұздақ (көктайғақ) пайда болған жағдайда ұсақ құммен өңдеу жүргізіледі. Көктайғаққа қарсы күресу үшін ас тұзын пайдалануға жол берілмейді.
  4. Аула аумақтарынан, кварталішілік өтпе жолдардан және кәсіпкерлік нысандарының іргелес аумақтарынан аршылған қарды, жалпыға ортақ жерлерде жинақталуына жол бермей шығару қажет.
  5. Қыс мезгілінде үй иелері және жалға алушылар баспалдақтарды, пандустарды, шатырларын қардан, мұздан және сүңгілерден уақытында тазарту жұмыстарын ұйымдастыруы қажет. Бұл жұмыстар кезінде жүргіншілер жолдары аймағы қоршауға алынады. Үйлердің төбесін қардан тазарту, көше жаққа бағытталған шатырлардан қар мен мұздақтарды тротуарларға лақтыру тек күндізгі уақытта жүргізілуі қажет. Шатырдың басқа бағыттарынан, жазық шатырлардан қар түсіру, аулаішілік аумақта жүргізіледі. Қарды түсіру алдында жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жасалады. Үйлердің шатырларынан түскен қарлар, мұздар және сүңгілер жедел түрде жол жиегіне қарай жиналады және одан әрі көшені тазартушы заңды және (немесе) жеке тұлғалармен алып кетуі үшін дайындалады.
  6. Суағар құбырлардың аузына қар, мұз және қоқыстарды тастауға жол берілмейді.

 

  1. Көктемгі – жазғы мезгілде қалалар мен елді мекендердің аумақтарын тазартудың ерекшеліктері

 

  1. Көктемгі – жазғы тазарту мезгілі сәуірден қазанға дейін белгіленеді.

Көктемгі-жазғы тазарту көшелердің, тротуарлардың, алаңдардың көлік жүретін бөліктерін жууды, оларға су шашуды және сыпыруды көздейді.

  1. Жол жамылғыларын, осьтік және қосалқы жолақтарды, көшелер мен өтетін жерлерді сыпыру көліктің интенсивті қозғалысы бар магистралдар мен көшелерде түнгі мезгілде, қалған көшелерде күндізгі мезгілде жол жамылғысын алдын-ала сулау арқылы жүргізіледі.
  2. Тазарту жүргізген кезде көлік жүретін бөлік, тротуарлары, жол жиектері қандай да болмасын ластан, ұсақ қоқыстан, топырақтан және ірі қоқыстан толығымен тазартылуы тиіс.

Аулаішілік аумақтар мен тротуарларды ұсақ тұрмыстық қалдықтардан, шаңнан сыпыру және оларды жуу жеке меншік пәтер иелері кооперативтерімен, үй комитеттерімен жүзеге асырылады.

 

  1. Қалдықтарды жинау және шығару

 

  1. Жеке және заңды тұлғалар, олардың қызметі нәтижесінде пайда болған өндіріс және тұтыну қалдықтары пайда болған кезінен бастап қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. Жеке және заңды тұлғалар қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтайды.
  2. Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды ұйымдар уәкілетті орган белгілеген бекітілген кестеге сәйкес мерзімдерде жүзеге асырады. Кестелер қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау алаңдарында ілінеді.
  3. Жылжымайтын объектілерді салуды және (немесе) жөндеуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар құрылыс қоқысын өз бетінше арнайы орындарға немесе Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес қоқыс шығаруды жүзеге асыратын ұйыммен шарт бойынша шығаруы тиіс.
  4. Үй иелерінің аумағында мамандандырылған көлік үшін ыңғайлы кірме жолдармен контейнерлерді орналастыруға арналған арнайы алаңдар болады. Контейнерлерді орнатуға арналған алаңдардың бетонды немесе асфальтты жабыны және қоршауы болады. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін қақпақтары бар контейнерлерді қолданған жөн.
  5. Қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерге және контейнерлік алаңдарда күл тастауға және жинауға жол берілмейді.
  6. Қатты тұрмыстық қалдықтар қоқыс шығаратын көліктермен, кәріз тартылмаған үй иелерінен сұйық қалдықтар ассенизациялы вакуумдық көліктермен шығарылады.
  7. Сұйық қалдықтар мамандандырылған автокөлікпен арнайы бөлінген орындарға шығарылады. Контейнерлер босатылғаннан кейін сол жерде дезинфекциялық ерітіндімен өңделеді немесе босатылған орындарда өңдеуден өткен тазаларына ауыстырылады. Контейнерлерді өңдеу орындарын тазалауға, жууға және дезинфекциялауға арналған, ыстық және суық су өткізілген, судың ағып кетуі ұйымдастырылған құрылғылармен жабдықтау қажет.
  8. Сұйық тұрмыстық қалдықтар мен ірі көлемді қоқыстарды қоқыс шығару құбырына тастауға болмайды.
  9. Қоқыс шығару құбырын пайдалануды иелігінде тұрғын үй бар пайдаланушы ұйым жүзеге асырады.
  10. Жеке тұлғалар контейнер алаңдары аумағында орналасқан, құрамында сынап бар шамдар мен аспаптарды жинау үшін арнайы контейнерлерде құрамында сынап бар істен шыққан шамдар мен аспаптарды қауіпсіз жинауды қамтамасыз етеді.
  11. Контейнерлік алаңдарды және контейнерлерді пайдаланатын және оларға қызмет көрсететін ұйымдар мыналарды:

1) контейнерлік алаңдарды және оған іргелес аумақтарды тиісті санитариялық күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;

2) оларға уақтылы жөндеу жүргізеді және одан әрі пайдалануға жарамсыз контейнерлерді ауыстырады;

3) қоқыс қабылдайтын камералардың, алаңдардың, сондай-ақ қалдық жинағыштардың тұрақты жуылуын, дезинфекциялануын, шыбындарға, кеміргіштерге қарсы дезинсекциялануын, дератизациялануын қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдайды.

  1. Контейнерлерден қоқыс шығаратын машинаға тиеу кезінде шашылып қалған қоқыстарды қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды жүзеге асыратын ұйымдардың жұмысшылары шығарады.
  2. Вокзалдарда, базарларда, әуежайларда, саябақтарда, демалыс аймақтарында, алаңдарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде, көшелерде, қоғамдық жолаушылар көлiгі аялдамаларында, сауда объектілерінің кіреберістерінде қоқысқа арналған құтылар орнатылады. Халықтық жаппай баратын орындарында құтылар бір-бірінен кемінде 50 метр арақашықтықта, аулаларда, саябақтарда, алаңдарда 10-нан 100 метрге дейінгі арақашықтықта құтылар орнатылады. Жолаушылар көлiгі аялдамаларында және сауда объектілерінің кіреберістерінде екi құтыдан орнатылады.
  3. Құтыларды орнатуды, тазартуды және жууды аумақты пайдаланатын ұйымдар немесе аумаққа иелік ететін немесе пайдаланатын ұйымдар жүргізеді. Құтылар толуына қарай, бiрақ кемінде күніне бір рет тазартылады.

Құтылар ластануына қарай, бiрақ кемінде аптасына бір рет жуылады.

 

  1. Көшелерді, тұрғын үй орамдарын және шағын аудандарды абаттандыру

 

  1. Шағын аудандар мен орамдардың тұрғын үй алаңдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 125 «Тұрғын үйді және басқа да үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үйді және басқа да үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 сәуірде № 10637 тіркелген) санитариялық қағидаларының 5-тармағының талаптарына сәйкес қоқыс контейнерлеріне, кір кептіретін, балалар демалатын, ойнайтын, спортпен айналысатын, үй жануарларын серуендетуге арналған алаңдармен, автотұрақтармен, орынтұрақтармен, жасыл аймақтармен жабдықталады.

1) не допускается установка заборов, ограждений на территории, любые другие ограждения, портящие архитектурный облик города.

2) для улучшения эстетического вида городов и населенных пунктов, создание благоприятной среды обитания горожан, расширения зон отдыха, предусмотреть живую изгородь, кустарники, вместо металлических ограждений.

 

  1. Алаңдардың саны, орналасуы мен жабдықталуы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес болуы тиіс.

 

  1. Ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін күтіп-ұстау

 

  1. Қарамағында ғимараттар мен құрылыстар бар жеке және заңды тұлғалар, ғимараттар мен құрылыстардың меншік иелері көрсетілген объектілердің қасбеттерін және олардың жекелеген элементтерін (балкондар, лоджиялар, су ағатын құбырлар) қалпына келтіру, жөндеу және бояу бойынша жұмыстарды уақтылы жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ қасбеттерде орналастырылған ақпараттық тақтайшаларды, ескерткіш тақтайларды таза және дұрыс жағдайда ұстайды. Меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындардың объектілерін жарықпен безендіру жүргізіледі.
  2. Өз еркімен ғимараттардың қасбеттерін және олардың конструктивтік элементтерін қайта жабдықтауға жол берілмейді.

 

  1. Сыртқы жарықтандыруды және субұрқақтардыкүтіп-ұстау

 

  1. Көшелердің, жолдардың, алаңдардың, жағалаулардың және басқа жарықтандырылатын объектілердің сыртқы жарығын қосу жергілікті атқарушы орган бекіткен кесте бойынша табиғи жарық деңгейінің азаюы кезінде кешкі ымырт кезінде 20 люкске дейін, ал сөнуі – таңғы күңгіртте 10 люкске дейін артуы кезінде жүргізіледі.
  2. Сыртқы жарық құрылғылары мен байланыс желілерінің элементтері, металл бағаналары, кронштейндер тазалықта ұсталып, тот басу ошағы болмай, сырлануы қажет. Жанып кеткен шамдарды ауыстыруды тиісті ұйымдар жүзеге асырады.
  3. Алаңдардағы, магистральдардағы және көшелердегі, аула аумақтарындағы шамдардың жанбауы белгілі бір аумақтағы жалпы санының 5 пайызынан аспауы керек.
  4. Орталық көшелердегі жарықтандыру және декоративті жарықтандыру элементтерін алмастыру және жөндеу бір тәулік ішінде, қалған телімдерде үш тәулік ішінде жүзеге асырылады.
  5. Істен шыққан құрамында сынап бар газ разрядты шамдар осы мақсаттарға арналған арнайы бөлінген үй-жайларда сақталады және олар кәдеге жарату үшін арнайы кәсіпорындарға шығарылады. Көрсетілген шамдардың түрлері полигонға шығарылмайды.
  6. Электрлендірілген көліктің жарық және байланыс желілерінің құлап қалған бағаналарын шығаруды негізгі магистральдарда бағана иелері дереу жүзеге асырады, басқа аумақтарда, сондай-ақ бөлшектелген бағаналар – тәулік ішінде шығарылады.
  7. Уәкілетті орган коммуналдық меншіктегі субұрқақтардың тиісті жағдайын және пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
  8. Субұрқақтарды қосу мерзімдерін, олардың жұмыс істеу режимдерін, тостағандарын жуу және тазарту кестесін, технологиялық үзілістерін және жұмыс істеуінің аяқталуын уәкілетті орган айқындайды.
  9. Субұрқақтар жұмыс істеп тұрған кезеңде судың беті күн сайын қоқыстан тазартылады. Пайдаланушы ұйымдар субұрқақтардың тазалығын олардың жұмысы тоқтатылған кезеңде де қамтамасыз етеді.

 

  1. Қорытынды ережелер

 

  1. Осы Қағидалардың бұзылуына жол берген жеке және заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне жауапкершілікке тартылады.