Батыс Қазақстан облысының қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру Қағидаларын бекіту туралы

Жоба

 

Орал қаласы                            №                   «___» __________ 2019 жыл

 

 

Батыс Қазақстан облысының қалалар

мен елді мекендердің аумақтарын

абаттандыру Қағидаларын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №235 «Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар және елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2019 жылғы 29 сәуірдегі №10886 тіркелді) бұйрығына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысының қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидалары бекітілсін.

2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 Батыс Қазақстан облысының қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидалары (docx, 38 Kb)

 

Сессия төрағасы                                                      

 

Облыстық мәслихат                                  

хатшысы                                                           М. Құлшар