Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты

Батыс Қазақстан облысының 2019 жылға арналған облыстық бюджетінің атқарылуы жөнінде жылдық есебін бекіту туралы

Орал қаласы                                            №36-1                           26 маусым 2020 жыл

Батыс Қазақстан облысының 2019 жылға

арналған облыстық бюджетінің атқарылуы

жөнінде жылдық есебін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, облыс әкімдігі ұсынған Батыс Қазақстан облысының 2019 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебі және «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің 2019  жылға арналған облыстық бюджетінің атқарылуы туралы есебін тындап және талқылап, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Батыс Қазақстан облысының 2019 жылға арналған облыстық бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебі 1-қосымшасына сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 159 493 080,4 мың теңге, оның ішінде:

салық түсімдері  – 43 120 567,2 мың теңге;

салықтан тыс түсімдер – 1 828 205,9 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 26 943,7 мың теңге;

трансферттердін түсімдері – 114 517 363,6 мың теңге;

2) шығындар – 157 813 564,2 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредит беру – 10 115 706,2 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 15 889 679,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 5 773 972,8 мың теңге;

4) қаржылық активтермен болатын операциялар бойынша сальдо – 385 392,0 мың  теңге;

5) бюджеттің тапшылығы (профициті) – (- 8 821 582,0) мың теңге;

6) бюджеттің тапшылығын  қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 8 821 582,0 мың теңге:

қарыздардың түсімі – 18 391 672,6  мың теңге;

қарыздарды өтеу –  5 194 403,0 мың теңге;

бюджет қаражаттары қалдықтары – (- 4 375 687,6) мың теңге.

2. «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің 2019 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуын бақылау нәтижесі туралы есебі қатерге алынсын.

Сессия төрағасы                                      М.Құлшар

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                 М.Құлшар