Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты

2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы

Облыстық мәслихаттың шешімі

ҚР Әділет Министірлігі БҚО әділет департаментінің нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 15.12.2020ж. №6555 болып енгізілді

Орал қаласы                            №40-2                       15 желтоқсан 2020 жыл

 

2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 250 095 787 мың теңге:

салықтық түсімдер – 67 660 368 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 146 872 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 050 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 182 287 497 мың теңге;

2) шығындар – 244 068 152 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – -1 654 587 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 8 907 089 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 10 561 676 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 802 396 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 802 396 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 6 879 826 мың теңге:

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
-6 879 826 мың теңге:

қарыздар түсімі – 3 433 040 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 10 312 866 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

2. 2021 жылға арналған облыстық бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес және осы шешімнің 4, 5, 6-тармақтарына сәйкес қалыптастырылады.

3. Қазақстан Республикасының «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 6, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 28-баптары қаперге және басшылыққа алынсын:

1) 2021 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің түсімі мен кредиттер 53 940 594 мың теңге жалпы сомасында ескерілсін:

инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір белігін өтеуге – 4 050 000 мың теңге;

ауыл шаруашылығы жануарларын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға – 1 464 016 мың теңге;

саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және карантинді объектілерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялауға – 15 090 мың теңге;

агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандыру шеңберіндегі субсидиялауға – 200 000 мың теңге;

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге – 2 370 126 мың теңге;

кепілдік берілген әлеуметтік топтамаға – 460 088 мың теңге;

арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын енгізуге – 1 420 мың теңге;

үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға – 84 332 мың теңге;

мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға – 200 398 мың теңге;

ымдау тілі маманының қызметін көрсетуге – 44 179 мың теңге;

техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдар тiзбесiн кеңейтуге – 101 108 мың теңге;

Spina bifida диагнозымен мүгедек балаларды бір реттік қолданылатын катетерлермен қамтамасыз етуге – 531 мың теңге;

мүгедектерді әлеуметтік қолдауға – 360 721 мың теңге;

кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге – 50 050 мың теңге;

мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға – 6 561 мың теңге;

жалақыны ішінара субсидиялауға – 217 686 мың теңге;

жастар практикасына – 765 712 мың теңге;

NEET санатындағы жастарға және табысы аз көпбалалы отбасыларға, табысы аз еңбекке қабілетті мүгедектерге жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін гранттарға – 599 735 мың теңге;

қоғамдық жұмысқа – 1 000 808 мың теңге;

мемлекеттік халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін жұмыскерлердің жалақысына қосымша ақылар белгілеуге – 584 070 мың теңге;

жаңалық телебағдарламаларының трансляциясын сурдоаудармамен сүйемелдеуді қамтамасыз етуге – 5 953 мың теңге;

мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға – 2 079 687 мың теңге;

мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтеріне сабақтан тыс іс-шараларды өткізгені үшін қосымша ақы төлеуге – 26 294 мың теңге;

мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге – 430 964 мың теңге;

мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыруға – 1 291 960 мың теңге;

ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға – 16 156 003 мың теңге;

ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге – 7 717 947 мың теңге;

мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтеріне сабақтан тыс іс-шараларды өткізгені үшін қосымша ақы төлеуге – 303 790 мың теңге;

мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының әдістемелік орталықтарының (кабинеттерінің) әдіскерлеріне магистр дәрежесі үшін қосымша ақы төлеуге –
2 889 мың теңге;

мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтеріне сабақтан тыс іс-шараларды өткізгені үшін қосымша ақы төлеуге – 14 321 мың теңге;

«Жас маман» жобасы шеңберінде колледждер үшін жабдықтар сатып алуға – 1 708 682 мың теңге;

мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға – 874 715 мың теңге;

мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге –
249 390 мың теңге;

көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға – 92 436 мың теңге;

медициналық ұйымның жыныстық құмарлықты төмендететін, сот шешімі негізінде жүзеге асырылатын іс-шараларды өткізуіне – 612 мың теңге;

қаржы лизингі шарттарымен сатып алынған санитариялық көлік бойынша лизинг төлемдерін өтеуге – 348 746 мың теңге;

вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға – 1 305 411 мың теңге;

саламатты өмір салтын насихаттауға – 19 158 мың теңге;

ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыруға – 95 622 мың теңге;

жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге – 87 066 мың теңге;

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендия мөлшерін ұлғайтуға – 330 068 мың теңге;

дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік орта және қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға – 595 237 мың теңге;

мемлекеттік мәдениет ұйымдарының және архив мекемелерінің басқарушы және негізгі персоналына мәдениет ұйымдарындағы және архив мекемелеріндегі ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақысына қосымша ақылар белгілеуге – 1 101 708 мың теңге;

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беруге – 39 000 мың теңге;

«Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және Басым жобаларды кредиттеу тетігі шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға және кепілдік беруге – 1 482 609 мың теңге;

көлiк инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға –520 655 мың теңге;

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға – 250 000 мың теңге;

көліктік инфрақұрылымды дамытуға – 800 000 мың теңге;

нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға кредит беруге – 1 200 000 мың теңге;

мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға кредит беруге – 1 733 040 мың теңге;

облыс орталықтарында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит беруге – 500 000 мың теңге;

2) 2021 жылға арналған облыстық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферттердің түсімі – 15 778 023 мың теңге жалпы сомасында ескерілсін:

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға – 942 531 мың теңге;

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және (немесе) реконструкциялауға – 2 710 939 мың теңге, соның ішінде: әлеуметтік-осал топтар үшін тұрғын үй салу – 1 311 872 мың теңге; аз қамтылған көпбалалы отбасылар үшін тұрғын үй салу – 1 399 067 мың теңге;

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайластыруға – 3 993 948 мың теңге;

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға – 3 994 752 мың теңге;

жылу-энергетика жүйесін дамытуға – 1 706 693 мың теңге;

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға – 1 524 633 мың теңге;

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға – 904 527 мың теңге.

4. Жергілікті бюджеттердің теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін 2021 жылға кірістерді бөлу нормативі төмендегі ерекшеліктер кірістері бойынша белгіленсін:

1) Ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге келесі пайыздарда есепке алынады:

Бәйтерек – 75,2%, Бөрлі – 48,7%, Орал қаласы – 14%, Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау – 100%;

2) төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге келесі пайыздарда есепке алынады:

Бәйтерек – 70,5%, Бөрлі – 6,4%, Орал қаласы – 14%, Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау – 100%;

3) төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге келесі пайыздарда есепке алынады:

Бәйтерек, Бөрлі, Орал қаласы, Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау – 100%;

4) төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге келесі пайыздарда есепке алынады:

Бәйтерек – 70,5%, Бөрлі – 6,4%, Орал қаласы – 14%, Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау – 100%;

5) әлеуметтік салық аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге келесі пайыздарда есепке алынады:

Бәйтерек – 70,5%, Бөрлі – 5%, Орал қаласы – 14%, Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау – 100%.

5. 2021 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерінен 40 654 665 мың теңге жалпы сомасында трансферттердің түсімдері ескерілсін.

Аталған сомаларды аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерінен бөлу Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.

6. 2021 жылға арналған облыстық бюджетте бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының түсімдері 10 561 676 мың теңге сомасында ескерілсін.

7. Жергілікті атқарушы органдарға қарасты мемлекеттік мекемелер ұсынатын қызметтер мен тауарларды өткізуден түсетін ақшалар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіпте пайдаланылады.

8. 2021 жылға облыстық бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге берілетін субвенциялар мөлшерінің жалпы сомасы 47 835 149 мың теңге болып белгіленсін, оның ішінде:

Ақжайық ауданы – 6 461 133 мың теңге;

Бөкей ордасы ауданы – 3 123 901 мың теңге;

Жаңақала ауданы – 3 496 214 мың теңге;

Жәнібек ауданы – 3 315 990 мың теңге;

Бәйтерек ауданы – 5 653 593 мың теңге;

Казталов ауданы – 5 731 496 мың теңге;

Қаратөбе ауданы – 3 587 585 мың теңге;

Сырым ауданы – 3 763 361 мың теңге;

Тасқала ауданы – 3 314 334 мың теңге;

Теректі ауданы – 6 051 193 мың теңге;

Шыңғырлау ауданы – 3 336 349 мың теңге.

9. 2021 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге облыстық бюджет қаражат есебінен бөлінетін нысаналы даму трансферттері және ағымдағы нысаналы трансферттер 2 530 334 мың теңге жалпы сомасында қарастырылғаны ескерілсін, соның ішінде:

457 683 мың теңге – ағымдағы нысаналы трансферттер;

2 072 651 мың теңге – нысаналы даму трансферттері.

Аталған сомаларды аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге бөлу Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.

10. 2021 жылға арналған облыстық бюджетте қарыздарды өтеу 10 312 866 мың теңге сомасында қарастырылсын.

11. 2021 жылға арналған облыстық бюджетке төмен тұрған бюджеттерден бюджеттік алымдар қарастырылмайды деп белгіленсін.

12. 2021 жылға арналған облыстың жергілікті атқарушы органдарының резерві 900 000 мың теңге мөлшерінде бекітілсін.

13. Облыстың жергілікті атқарушы органының борыш лимиті 2021 жылдың 31 желтоқсанына 85 702 984 мың теңге сомасында белгіленсін.

14. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен белгіленген мамандар лауазымдарының тізбесіне ауылдық жерлерде қызмет ететін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласының азаматтық қызметшілеріне осы қызмет түрлерімен қалада айналысатын азаматтық қызметшілердің ставкаларымен салыстырғанда лауазымдық жалақыларын 25%-ға көтеру қарастырылсын.

15. 2021 жылға арналған жергілікті бюджеттердің атқару үдерісінде секвестрлендіруге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4, 5-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

16. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

17. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

№1 қосымша

 

Сессия төрағасы                                                    М.Құлшар

 

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                                М.Құлшар