Облыстық құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы

жоба

 

№33-

Орал қаласы                                                                                 2020 жыл

 

Облыстық құқық бұзушылық профилактикасы

жөніндегі ведомствоаралық комиссияның

дербес құрамы туралы

 

Қазақстан  Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және облыс әкімдігінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы  №339 қаулысы негізінде, облыстық мәслихат ШЕШІМ  ЕТТІ:

1. Облыстық құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның  дербес құрамы 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдері 2 қосымшаға сәйкес жойылсын.

 

Сессия төрағасы                                            А. Потиченко

 

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                        М. Құлшар

 

 

2020 жылғы «____»   №33-

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының

1 қосымша

                           

Облыстық құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы

 1

 Батыс Қазақстан облысының әкімі

 комиссияның төрағасы;

 2

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (салаға жетекшілік ететін)

 –

комиссия төрағасының орынбасары;

 3

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы (келісім бойынша)

 –

комиссия төрағасының орынбасары;

4

Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы

 –  

комиссия хатшысы;

Комиссия мүшелері:

5

 Батыс Қазақстан облысының прокуроры (келісім бойынша);

 6

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы (келісім бойынша);

 7

Батыс Қазақстан облысы полиция  департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы (келісім бойынша);

 8

 Батыс Қазақстан облысы  әділет департаментінің басшысы (келісім бойынша);

 9

 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы (келісім бойынша);

 10

 Қазақстан Республикасы Қаржы  министрлігі  Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысы (келісім бойынша);

 11

 Қазақстан Республикасы Қаржы  министрлігі  Қаржы мониторингі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша  Экономикалық тергеу департаментінің басшысы (келісім бойынша);

 12

 Батыс Қазақстан облысы  білім басқармасының басшысы;

 13

 Батыс Қазақстан облысы жұмыспен  қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы;

 14

 Батыс Қазақстан облысы  ішкі саясат басқармасының басшысы;

15

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы;

16

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі көліктегі ішкі істер департаментінің Орал станциясындағы ішкі істер желілік бөлімінің бастығы (келісім бойынша);

17

Тенишева Светлана Владимирқызы

«Қазақстан Республикасы Қызыл ай қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры (келісім бойынша);
18

Мұштанова Гүлбаршын

«Жайық  таңы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы (келісім бойынша).

 

2020 жылғы «____»   №33-

Батыс Қазақстан облыстық

мәслихатының    2    қосымша

 

 Облыстық  мәслихаттың жойылған шешімдерінің  тізімі

 

  1. Батыс Қазақстан облыстық  мәслихатының 2011 жылғы 30 мамырдағы №32-6  «Облыстық құқық бұзушылық профилактикасы  жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» шешімі;
  1. Батыс Қазақстан облыстық  мәслихатының 2013 жылғы 18тамыздағы №12-9  «Облыстық құқық бұзушылық профилактикасы  жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» шешімі;
  1. Батыс Қазақстан облыстық  мәслихатының 2014 жылғы 23 қыркүйектегі  №19-5  «Облыстық құқық бұзушылық профилактикасы  жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» шешімі;
  1. Батыс Қазақстан облыстық  мәслихатының 2015 жылғы 25  наурыздағы №23-8  «Облыстық құқық бұзушылық профилактикасы  жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» шешімі;
  1. Батыс Қазақстан облыстық  мәслихатының 2015 жылғы 6 қарашадағы № 28-5  «Облыстық құқық бұзушылық профилактикасы  жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» шешімі;
  1. Батыс Қазақстан облыстық  мәслихатының 2016 жылғы 10 маусымдағы №4-7 «Облыстық құқық бұзушылық профилактикасы  жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» шешімі;
  1. Батыс Қазақстан облыстық  мәслихатының 2017 жылғы 24 ақпандағы №9-13  «Облыстық құқық бұзушылық профилактикасы  жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» шешімі;
  1. Батыс Қазақстан облыстық  мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы №16-10  «Облыстық құқық бұзушылық профилактикасы  жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» шешімі;