Облыстық Қоғамдық Кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмысшы тобының мүшелерін іріктеу туралы конкурс

Батыс Қазақстан Облыстық Қоғамдық Кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмысшы тобының мүшелерін және байқаушыларды іріктеу туралы облыстық маслихаттың ХАБАРЛАМАСЫ

 

1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты Облыстық Қоғамдық Кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмысшы тобының мүшелерін іріктеу туралы конкурс жариялайды

Жұмысшы тобының сандық құрамы 9 (тоғыз) адам болып анықталды, олардың 2 мемлекеттік органдардан, 7 азаматтық қоғам өкілдері. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері хабарландыру жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде мынадай құжаттар ұсынулары қажет:

1. Үлгі бойынша өтініш;

2. Жұмыс тобының мүшесіне кандидатура ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;

3. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты жұмысшы тобының отырысына қатысуға ниет білдіретін байқаушылар тізімін қалыптастыру бойынша іріктеу өткізілетінін хабарлайды.

Байқаушы ретінде жұмысшы тобының отырысына қатысуға ниет білдірген адам хабарландыру жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде үлгі бойынша өтінішін ұсынулары қажет.

Құжаттарды мына мекенжайға: Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 201, №301 кабинет немесе электрондық мекенжайға zkomaslihat@bk.ru жолдауға болады.

Облыстық мәслихат