Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты

Облыстық мәслихат депутаты Алтынбек Ермекқалиев онлайн форматта қоғамдық қабылдау өткізді.

19.02.2021 жылы «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында облыстық мәслихат депутаты Алтынбек Ермекқалиев онлайн форматта қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға қатысқан тұрғындардың бірі – тұрғын үй мәселесі бойынша өз сауалын жолдаса, енді бірі – екі қолға бір күрек табылмай жүргенін айтып, кәсіп бастайын деген мақсатта қайтарымсыз грантты қалай алу керектігін сұрады. Сонымен қатар Бірлік ауылынан хабарласқан азамат ауылда су тапшылығын мәселе қылып көтеріп, су келмесе малға да, жанға да оңайға соқпайтынын қаузады. «Иә, су мен тұрғын үй бұрыннан да өзекті мәселе. Су тапшылығы аудан жұртшылығын алаңдатып отырғаны рас. Су мәселесі әркез назарда болады» деді А.Ермекқалиев. Ал қайтарымсыз грант жөнінде кеңес сұрап келген азаматтың мәселесі оң шешімін тапты.