Облыстық мәслихаттың әлеуметтік- мәдени даму және білім мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы, төраға орынбасары және мүшелерін сайлау туралы
Орал қаласы № 1 – 2 – 3 15 қаңтар 2021 жыл
Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-
мәдени даму және білім мәселелері
бойынша тұрақты комиссиясының
төрағасы, төраға орынбасары
және мүшелерін сайлау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және білім мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы болып депутат Салиева Алия Өтемісқызы сайлансын.
2. Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және білім мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы төрағасының орынбасары болып депутат Жақсығалиев Жанабек Жанабайұлы сайлансын.
3. Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және білім мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының құрамына келесі депутаттар сайлансын:
1. Батпақұлова Гүлмира Асқарқызы;
2. Ермекқалиев Алтынбек Серікұлы;
3. Измағамбетов Бағдат Мәдиұлы;
4. Ирменов Қамидолла Мутиғоллаұлы;
5. Сүндетова Сабира Өмірғалиқызы;
6. Утебалиева Шаттық Саматқызы.
Сессия төрағасы Н.Серғалиев
Облыстық мәслихат
хатшысы Б.Қонысбаева