Облыстық мәслихаттың кезекті 31-ші сессиясын шақыру туралы

Батыс Қазақстан облыстық мәслихат сессиясы төрағасының шешімі

 

Орал қаласы                                        №31                              12 қараша 2019 жыл

 

Облыстық мәслихаттың кезекті

31-ші сессиясын шақыру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:

Облыстық мәслихаттың кезекті 31-ші сессиясын 2019 жылдың  22 қарашасына облыстық мәслихаттың үлкен залында сағат 10.00-ге шақырылсын.

Сессияның күн тәртібіне ұсынылатын мәселелер:

– Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 21-2 «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

–  Басқа  мәселелер.

 

Сессия төрағасы                                                               Г. Нурмуханов