Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты

Облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер және табиғат пайдалану мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы, төраға орынбасары және мүшелерін сайлау туралы

Орал қаласы                            № 1 – 2 – 4                             15 қаңтар 2021 жыл

 

Облыстық мәслихаттың аграрлық

мәселелер және табиғат пайдалану

мәселелері бойынша

тұрақты комиссиясының төрағасы,

төраға орынбасары және

мүшелерін сайлау туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер және табиғат пайдалану мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы болып депутат Жәкібаев Мұрат Орынбайұлы сайлансын.

2. Облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер және табиғат пайдалану мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы төрағасының орынбасары болып депутат Жарылғапов Серік Абдуғалиұлы сайлансын.

3. Облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер және табиғат пайдалану мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының құрамына келесі депутаттар сайлансын:

1. Ашығалиев Қатауолла Мерәліұлы;

2. Габдуллин Исетай Есетұлы;

3. Енютин Иван Иванович;

4. Илемесов Исқаир Қафарұлы;

5. Нұрмұханов Ғанимат Хайыржанұлы;

Сессия төрағасы                                               Н.Серғалиев

 

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                           Б.Қонысбаева