Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы

Орал қаласы                                № 15-3                                6 желтоқсан 2017 жыл

 

 

Жергілікті мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларының тізбесін
бекіту туралы

 

               Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңына және 2015 жылғы 25 қарашадағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а.бұйрығына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі бекітілсін.
2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

                   Сессия төрағасы                                       М.Байжанов

                   Облыстық мәслихат хатшысы                 М.Құлшар

 

 

 

 

 

Батыс Қазақстан облыстық
мәслихатының 2017 жылғы
6 желтоқсандағы №15-3 шешіміне
қосымша

 

 

Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі

 

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Атауы
1 Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы БҚО Орал қаласы Зашаған кентіндегі тұрғын үй құрылысы ауданында 290 орындық бала бақша құрылысы  және пайдалану
БҚО Орал қаласы Зашаған ауылы «Балауса» шағын ауданында 360 орындық балабақша құрылысы және пайдалану
БҚО Сырым ауданы Жымпиты ауылындағы 280 орындық балабақша құрылысы  және пайдалану
БҚО Ақжайық ауданы Чапаев ауылында 280 орындық балабақша құрылысы және пайдалану
БҚО Тасқала ауданы Тасқала ауылы Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп ғимаратын күрделі жөндеу және сервистік қызмет көрсету
2 Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы МКК ШЖҚ «Облыстық клиникалық ауруханасына магнитты-резонансты томографты лизингке алу» Орал қ.
3 Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы БҚО облыстық маңызы бар Чапаево-Жаңақала-Сайқын автомобиль жолының 0-337 шақырымына сервистік қызмет көрсету