«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс туралы хабарландыру

Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 201 үй, 3 қабат, 304 кабинет, анықтама үшін телефондар: 8-(7112) 512920, электр. адресі: zkomaslihat@bk.ru бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды.

Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппаратының бас маманы, Д-4 санаты /№1-3/, лауазымдық жалақысы, қызмет өткерген жылдарына байланысты 116 623 теңгеден 157 326 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Облыстық мәслихат пен оның органдарына  ұйымдастыру-құқықтық, материалдық –техникалық және өзге де  қызметтерді қамтамасыз етуді жүзеге асырады, депутаттарға өз өкілеттіктерін  іске асыруларына көмек көрсетеді.

Облыстық мәслихаттың  бекітілген тұрақты комиссиялардың  жұмысын ұйымдастыру, олардың тиісті департамент және басқармаларымен өзара қатынасын қамтамасыз ету.

Жетекшілік ететін сала бойынша шешімдерді әзірлеу, тіркеуге жататын мәслихат шешімдерін Әділет басқармасына ұсыну.

Жетекшілік ететін тұрақты комиссия отырысының хаттамасын, сондай-ақ осы комиссияға қатысты мәселелер бойынша үйлестіру кеңесі және тұрақты комиссиялардың қаулысының орындалуын қадағалауды қамтамасыз ету.

Жетекшілік ететін мәселелер бойынша барлық деңгейдегі депутаттардың ұсыныстарын, азаматтардың шағымдары мен хаттарын есепке алып, бақылауды ұйымдастыру. Облыстық мәслихаттың және оның аппаратының қаржылық қызметін қамту. Ақша қаражатының есебін жүргізу, тиімді және үнемді пайдалануын бақылау. Аппарат мамандарына еңбекақы мен облыстық мәслихат депутаттарына белгіленген тәртіп бойынша (іс-сапарға) ақша беру.

Материалдық-техникалық құралдар мен бұйымдар, кеңсе құралдарын   алу. Мүліктің есебі мен түгелдеуін жүргізіп, қажеттілігіне қарай есептен шығару. Мәслихат хатшысының тапсырмасы бойынша мәслихаттағы өкілетті кездесулерді әзірлеуге жауапты.

Білім жетілдіру жөніндегі оқу орталықтарымен байланыс орнатып, облыстық мәслихат депутаттарын, мәслихат хатшысы мен аппарат қызметкерлерінің оқуын ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (қаржы, есеп және аудит).   мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес, осы санаттағы нақты  лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі  екі жылдан кем емес, жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымарында  мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында, шетелде  кадр дайындау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ҚР заңнамасын тестілеу бағдарламасына  сәйкес нормативтік –құқықтық актілерді білу, мемлекеттік тілді білу, компьютерде жұмыс істей білу.

Құзыреттер бойынша талаптар:

Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар 7 жұмыс күні ішінде,  ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (конкурска қатысу үшін өтініш нысаны қосымша тіркелді);

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмнің нысаны қосымша тіркелді);

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау министрінің    міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылєы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылєы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

3), 4), 5), 7), 8)  тармақшаларында көрсетілген құжаттардың  көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмеген жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін ұсыну талап етілмейді.

Мемлекеттік қызметші және мемлекеттік  әкімшілік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге де жеке және заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған болса, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге шықпаған азамат  жалпы конкурсқа  қатысу үшін келесі құжаттарды тапсырады:

1) осы Қағидалардың 2- қосымшасына сәйкес насандағы өтініш (конкурсқа қатысу үшін  өтініш нысаны қосымша тіркелді);

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік  тізім;

3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 7 жұмыс күні, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру  соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы  не «Е-gov» электронды  үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері  әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан  кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурсқа қатысушы мемлекеттік  қызметшілер тестілеуден өтпейді.

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратында өтеді.

Қосымша ақпарат

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары, негізінде жүргізіледі.

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

_______________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені_________________________________________________________

__________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

__________________________________________________________________

________                                               ___________________________________

(қолы)                                              (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

 «Б» корпусыныѕ мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)
 

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1. Туған күні және жері/
Дата и место рождения
2. Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)
3. Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
4. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
5. Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками
6. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)
7. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
8. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болєан жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
9. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
қабылданған/
приема
босатылған/
увольнения
_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата
_______________
күні/дата