БҚО әкімдігінің 2019 жылғы 27 мамырдағы №130 және БҚО мәслихатының 2019 жылғы 27 мамырдағы №25-5 бірлескен қаулысы мен шешіміне толықтыру енгізу туралы

ЖОБА

Батыс Қазақстан облысының

ӘКІМДІГІ

2019 жылғы «__» ______№__

Орал  қаласы

Батыс Қазақстан облыстық

МАСЛИХАТЫ

2019 жылғы «__» _______ №__

 

 БІРЛЕСКЕН

ҚАУЛЫ және ШЕШІМ

 

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 27 мамырдағы

№ 130 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының

2019 жылғы 27 мамырдағы № 25-5 «Батыс Қазақстан облысы

Бөрлі ауданының кейбір елді мекендерінің әкімшілік-аумақтық

құрылысына өзгерістер енгізу туралы» бірлескен қаулысы

мен шешіміне толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңдарына сәйкес, Бөрлі ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 27 тамыздағы №17 және Бөрлі аудандық маслихаты 2019 жылғы 27 тамыздағы №40-10 бірлескен қаулысы және шешімі негізінде тиісті аумақтар тұрғындарының пікірін еске отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық маслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 130 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 27 мамырдағы № 25-5 «Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кейбір елді мекендерінің әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5688 тіркелген, 2019 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей толықтыру  енгізілсін:

1 тармақ келесідей мәтіндегі абзацпен толықтырылсын:

«Бөрлі ауданының Березов ауылдық округінің Березов ауылы таратылсын».

 

 

Батыс Қазақстан облысының әкімі              Сессия  төрағасы

 

Ғ.Есқалиев                                                      Ғ. Нұрмұханов

 

 

Облыстық мәслихаттың хатшысы

М.Құлшар