БҚО Қоғамдық кеңесінің 2018 жылдың І жартыжылдығы бойынша атқарған жұмысы туралы қысқаша есеп

Батыс  Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің 2018 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша атқарған жұмысы жөнінде қысқаша

Ақпарат

2018 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша Батыс  Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесіне жалпы саны 61 өтініш келіп түсті. Облыстық Қоғамдық кеңестің жалпы саны 13 отырысы өткізілді, оның ішінде: кеңейтілген отырысы – 4, төралқа отырыс – 9.

Облыстық Қоғамдық кеңеске келіп түскен өтініштердің құрамы төмендегідей: жеке тұлғалардан – 3 өтініш, басқармалардан – 1 өтініш, облыстық басқармалар мен мемлекеттік мекеме аппараттарынан қарауға ұсынылған нормативтік-құқықтық актілерің қаулы жобалары – 52 (оның ішінде БҚО Әкімі аппаратынан – 2, БҚО Маслихат аппаратынан – 3, Ауыл шаруашылығы басқармасынан – 10, Білім басқармасынан – 7,  Дене шынықтыру және спорт басқармасынан – 1, Денсаулық сақтау басқармасынан – 1, Дін істері басқармасынан – 5, Жер қатынастары басқармасынан – 1, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан – 5, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан – 4, Қаржы басқармасынан – 1,  Құрылыс басқармасынан – 3,  Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасынан – 3, Туризм және сыртқы байланыстар басқармасынан – 1,  Тілдерді дамыту басқармасынан – 3, Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасынан – 3,  Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасынан – 1).

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің вице-министрі А. Нүкеновтің  2018 жылғы 29 наурыздағы №15-10-14/И-384 шығыс хатына сәйкес қолданыстағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын жетілдіру мақсатында Заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселе аудандық, қалалық және облыстық Қоғамдық кеңестердің төралқа отырыстарында талқыланып, Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңес тарапынан 11 бапқа өзгерту мен толықтыру енгізу туралы ұсыныс жіберілді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың  19 сәуірінде Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы сарапшыларының Облыстық Қоғамдық кеңестің комиссия төрағалары мен мүшелері, қалалық және аудандық қоғамдық кеңес төрағаларымен ресми кездесуі өтті.