БҚО елді мекендерінің аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын бекіту туралы

Жоба

Орал қаласы                                   №_____               «___»_________ 2019 жыл

Батыс Қазақстан облысы

елді мекендерінің аумағында

иттер мен мысықтарды

асырау және серуендету

қағидаларын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңдарына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған «Батыс Қазақстан облысының аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидалары» бекітілсін.

2.  Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 23 қаңтардағы №22-4 «Батыс Қазақстан облысының аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде №3826 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 наурыздағы «Орал өңірі» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын».

3. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы                                                       К. Муканов

 

Облыстық мәслихат                                  

хатшысы                                                           М. Құлшар

 

Батыс Қазақстан облыстық

мәслихатының 2019 жылғы

« » мамырдағы №   шешімімен

бекітілген

Батыс Қазақстан облысының аумағында иттер мен мысықтарды
асырау және серуендету қағидалары

1. Жалпы ережелер

  1. Осы Батыс Қазақстан облысының аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендетуқағидалары (бұдан әрі –қағидалар) Батыс Қазақстан облысының аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету тәртібін белгілейді.
  2. 2. Қағидалар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «Ветеринариятуралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңдарына сәйкес дайындалды.
  3. Осы Қағидаларда келесі түсініктер қолданылады:

1) ветеринария (ветеринария саласы) – жануарлардың аурулары мен азықтан улануын (зақымдануын) зерделеуге, олардың профилактикасына, диагностикасына, оларды емдеуге және жоюға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған арнаулы ғылыми білімдер мен практикалық қызмет саласы;

2) ветеринариялық құжаттар – уәкілетті орган бекіткен тәртіппен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары беретін ветеринариялық сертификат; мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер беретін ветеринариялық-санитариялық қорытынды; тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық ахуал туралы, жануарға, жануарлардан алынатын өнімге және шикізатқа жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы маманы, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімнің және шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөнінде өндірістік бақылау бөлімшесінің аттестатталған ветеринариялық дәрігері беретін ветеринариялық анықтама;

3) ветеринариялық паспорт – уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда: жануарларды есепке алу мақсатында жануарлардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетіледі;

4) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік – жануарлардың саулығы, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың тағамдық қауіпсіздігі, аумақтың ветеринариялық-санитариялық салауаттылығы, халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі қамтамасыз етілетін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің жай-күйі;

5) ветеринариялық іс-шаралар – жануарлар ауруларының профилактикасын, оларды емдеуді немесе диагностикасын қоса алғанда, олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе оларды жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға; жануарлар мен адамның денсаулығын жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, жемшөп және жемшөп қоспаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені;

6) жануарлардың аса қауіпті аурулары – уәкілетті орган айқындайтын, жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, тез немесе кең таралатын, жануарлардың ауруға шалдыққыштығына немесе өлуіне, үлкен әлеуметтік-экономикалық залалға әкеп соғатын жануарлар аурулары;

7) иттер мен мысықтарды бірдейлендіру жөніндегі дерекқор – иттер мен мысықтардың жеке нөмірі туралы, ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көпдеңгейлі жүйесін көздейтін мәліметтер базасы;

8) ветеринарлық емхана – ветеринарлық емдеу-сауықтыру қызметімен және ауру жануарларға ветеринарлық көмек көрсетумен айналысатын ұйым;

9) мемлекеттік ветеринариялық ұйым – жануарларға жұқпалы ауруларға қарсы екпе жүргізуді жүзеге асыратын және қаңғыбас жануарларды аулаумен айналысатын жергiлiктi атқарушы орган құрған ұйым;

10) бірдейлендіруге арналған микрочип – жануардың жеке нөмірі туралы ақпараты бар тері астына енгізілетін электрондық микроқұрал

11) қараусыз қалған (қаңғыбас) жануарлар – иесін анықтау мүмкін емес иттер мен мысықтар; иесінен қашып кеткен және иесінің немесе жауапты тұлғаның тарапынан қараусыз қалған жануарлар.

  1. Осы Қағидалардыңсақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес оған уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

2. Иттер мен мысықтарды тіркеу және күтіп ұстау тәртібі

  1. Батыс Қазақстан облысының аумағындағы барлық иттер мен мысықтар міндетті түрде иттер мен мысықтарды бірдейлендіру жөніндегі дерекқорында тіркеуге жатады.

5-1. Тіркеу мемлекеттік ветеринариялық ұйымда немесе ветеринариялық емханада жүргізіледі.

5-2. Мемлекеттік ветеринариялық ұйым немесе ветеринариялық емханад тіркелген үй жануарлары мен олардың иелері туралы ақпаратты иттер мен мысықтарды бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға енгізеді.

5-3. Иттерді және/немесе мысықтарды тіркеу кезінде иесінің төлемі есебінен ветеринарлық паспорт беріледі;

5-4. Тіркеу кезінде мемлекеттік ветеринариялық ұйымымен немесе ветеринариялық емханамен жануар иесінің төлемі есебінен жануарға сәйкестендіру микрочипі енгізіледі.  Чип енгізу және/немесе белгі салу рәсімдері ұсынымдық сипатқа ие. қараусыз қалған (қаңғыбас) жануарларды бірдейлендіру жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.

5-5. Иттерді және/немесе мысықтарды тіркеу немесе қайта тіркеу кезінде иелері мынадай:

1) иесі туралы мәлімет;

2) иесінің нақты тұрғылықты мекен-жайы;

3) иесінің байланыс нөмірі;

4) жануардың лақап аты, жынысы, туылған күні, түсі, тұқымы;

5) қажет болғанда, егер мұндай бар болса, жануардың шығу тегінің нөмірі туралы ақпаратты ұсынады.

5-6. Иттің және/немесе мысықтың иесі мемлекеттік ветеринариялық ұйымға немесе ветеринариялық емханаға Батыс Қазақстан облысының иттер мен мысықтарды бірдейлендіру жөніндегі дерекқорынан тіркеуден шығару үшін немесе қайта тіркеу үшін жануардың әкетілуі (сатылу, жоғалу, көшу, басқа бір адамға тапсырылу) туралы хабарлауға міндетті.

5-7. Үй жануарын жансыздандыру (эвтаназия) кезінде немесе өліп қалған жағдайда ветеринарлық паспорт бұрын жануар тіркелген ұйымға тапсыруға жатады.

  1. Тіркелген ит пен мысық иесінің меншігі болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалады.
  2. Иттер мен мысықтардың иелері санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормаларды, сондай-ақ ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды және ветеринарлық нормативтерді сақтаулары қажет.
  3. Иттер мен мысықтарды жеке тұрғын үйлерде және көп қабатты тұрғын үйлердің пәтерлерінде ұстауға болады, алайда иттерді тұрғын үй-жайларда және көп пәтерлі тұрғын үйлерде ұстаған кезде иесі тыныштықты қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданылады.
  4. Иттер мен мысықтарды көпшілік пайдаланатын (ас үйлер, дәліздер, баспалдақ алаңдары, жертөлелер, үйдің шатырлары, лоджиялар, балкондар және басқа да қосалқы үй-жайлар) орындарда, көпқабатты үйлердің маңындағы аумақтарда және тұрғын үй-жайларда (жеке тұрғын үй қорындағы үйлердің маңындағы аумақтардан басқа), қонақ үйлер мен жатақхана дәліздерінде ұстауға болмайды.
  5. Қонақ үйлерде иттер мен мысықтар иелерінің әкімшіліктің келісуімен санитариялық-гигиеналық қағидаларды сақтай отырып, қоныстануға рұқсат беріледі.
  6. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына, сауда және өндірістік дүкендердің бөлмелеріне, мектепке дейінгі және білім мекемелеріне, әлеуметтік-мәдени мақсаттағы ғимараттарға, сонымен қатар медициналық, емдеу-профилактикалық денсаулық сақтау мекемелеріне иттер мен мысықтарды әкелуге және ұстауға болмайды.
  7. Жеке тұрғын үй-жайлардың иелері иттерді олардың қашып кете алмайтын жеке қоныс шекарасында ұстауы тиіс, иттің бары жөнінде үй-жай ауласының кіреберісіндегі қақпада ескерту тақтасы болуы керек.
  8. Иттер мен мысықтардың қатысуымен көрмелер, жарыстар, аттракциондар мен өзге де іс-шаралар өткізуге тек ветеринария саласындағы мемлекеттік уәкілетті органның келісімі, жұқпалы ауруларға зертханалық өтуі, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қала немесе аудан әкімінің келісімі болған жағдайда жол беріледі.

Осы аталған іс-шараларға ветеринариялық паспорты бар иттер мен мысықтар соңғы вакцинация мен дегельминтизациядан өткен уақыты туралы белгі болған жағдайда жіберіледі.

  1. Одан әрі ұстау мүмкіндігі болмаған жағдайда, иттер және (немесе) мысықтар басқа иесіне берілуі немесе қаңғыбас жануарларды ұстау мен аулауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымға тапсырылуы керек.
  2. Иттер мен мысықтардың иелері мынадай талаптарды сақтаулары тиіс:

1) иттер мен мысықтарды осы қағидалар талаптарына сәйкес күтіп-ұстауды қамтамасыз етуі;

2) айналасындағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдап, санитариялық-эпидемиологиялық ережелер және нормаларды, сонымен қатар ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер және ветеринариялық нормативтерді сақтаулары;

3) құтыру ауруына күдіктену ретінде қаралатын иттер мен мысықтардың адамдарды тістеген, сілекейлеген, тырнап алған барлық жағдайларды ветеринариялық және тиісті денсаулық сақтау мекемесіне дереу хабарлауы керек;

4) жануардың кенеттен өлуі жағдайында, ауруға күдікті болып саналған ит пен мысықтарды ветеринарлық қызмет мамандарының келуіне дейін оқшауландырып немесе қоғамдық көліктерді пайдаланбай, шұғыл түрде жануарды ветеринариялық дәрігерге жеткізуі керек;

5) иттер мен мысықтардың өлексесін мал қорымында жоюды ұйымдастыру бойынша шұғыл шаралар қолдану;

6) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өздерінің иттері мен мысықтарын уақтылы вакцинациялануын және диагностикасын қамтамасыз ету керек.

  1. Көрсетілген инфекцияға қарсы иммунизация (вакцинация) процедураларын бұрын өтпеген иттер мен мысықтардың құтыру ауруының бекітілген фактілеріне күдіктенген жағдайда алып қоюға, қажет болған жағдайда жойылуға жатады.

Адамдардың және жануарлардың денсаулығына аса қауіп төндіретін иттер мен мысықтарды алып қою және жою Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою не оларды алып қолмай міндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

Ит немесе мысық оның иелерінен егер де олар адамды қауып алған немесе тырнап алған жағдайда, жануардан адамға жұғатын аса қауіпті, жұқпалы және вирусты аурулардың барлығына зерттеу жүргізу үшін алынады.

Егер жануар клиникалық сау болып танылған жағдайда, ол иесіне қайтарылады.

3. Иттер мен мысықтарды серуендету

  1. Иттер мен мысықтарды серуендеткен кезде, олардың иелері мынадай талаптарды сақтауы қажет:

1) иттер мен мысықтарды аулаларда, балалар алаңдарында, мектепке дейінгі мекемелердің учаскелерінде, мектеп алаңдарында, емдеу-профилактикалық және медициналық денсаулық сақтау мекемелерінің аумақтарында, стадиондарда, саябақтарда, скверлерде серуендетпеуге. Егер иттер мен мысықтар подъездерде, баспалдақ алаңдарында, спорттық, балалар алаңдарында, газондарда, тротуарларда, саябақ және скверлер аумақтарында нәжісін қалдырған жағдайда, оны иттер мен мысықтар иелері дереу жинауы керек;

2) адамдар көп жиналатын орындарда және басқа қоғамдық жерлерде иттерді қысқа тізгінде және тұмылдырықта ұстауы;

3) адамдар аз жерлерде иттерді ұзын тізгінмен серуендетуге (иттердің декоративті түрлерінен басқалары) жол беріледі. Қоршалған серуендету орындарында, сонымен қатар алаңқайларда, адамдар жоқ кезде иттерді тізгіннен жіберуге рұқсат етіледі;

4) иттер мен мысықтарды серуендеткен кезде (сағат 23.00-ден 6.00-ге дейін) олардың иелері жеке тұлғалардың демалысы мен тыныштығына кедергі туғызбай, тыныштықты сақтау шараларын қабылдауы қажет;

5) мас күйдегі тұлғалар мен 16 жасқа толмаған балаларға иттерді серуендетуге және олармен қоғамдық жерлерде жүруге жол берілмейді;

6) иттер мен мысықтарды жағажайларда серуендетуге, қоғамдық шомылу орындарында, тоғандарда, фонтандарда, су айдындарында және су бөгеттерінде шомылдыруға және жуындыруға жол берілмейді.

  1. Иттер автобустарда жинақтаушы алаңдарда тұмылдырық кигізілген және қысқа тізгінде тасымалданады. Декоративті түрдегі иттер мен мысықтарды сөмкелерде, арнайы торларда (тасымалдауға арналған контейнерлерде) немесе олардың нәжістерін жинап алатын ыдысы болған жағдайда қолға ұстап тасымалдауға болады. Ауру иттер мен мысықтарды қоғамдық көлікте тасуға жол берілмейді.

4. Қорытынды жағдайлар

  1. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін иттер мен мысықтардың иелері Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 408-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.