БҚО Бөрлі ауданының кейбір елді мекендерінің әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

( БҚО әділет департаментінде 2019  жылғы   29   мамырдағы      № 5688 тіркелген)

Батыс Қазақстан

облысының әкімдігі

№ 130

27 мамыр 2019 жыл

Батыс Қазақстан

облыстық мәслихаты

№ 25-5

27 мамыр 2019 жыл

Орал қаласы

БІРЛЕСКЕН

ҚАУЛЫ және ШЕШІМ

 

Батыс Қазақстан облысы

Бөрлі ауданының кейбір елді

мекендерінің әкімшілік-аумақтық

құрылысына өзгерістер енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Бөрлі ауданының әкімдігінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы №895 және Бөрлі аудандық мәслихатының  2018 жылғы 11 желтоқсандағы №32-11 «Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы» бірлескен қаулысы және шешімі негізінде, тиісті аумақтар тұрғындарының пікірін ескере отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

Бөрлі ауданының Березов ауылдық округі таратылсын;

Бөрлі ауданының Пугачев ауылдық округінің Бестау ауылы таратылсын;

Бөрлі ауданының таратылған Березов ауылдық округінің Сұлысай жол айрығының бағыныстылығын өзгертіп, Бөрлі ауданы Пугачев ауылдық округінің әкімшілік бағыныстылығына берілсін;

Бөрлі ауданының Березов ауылдық округінің аумағынының бағыныстылығын өзгертіп, Ақбұлақ, Пугачев ауылдық округтерінің бағыныстылығына берілсін.

2. Облыстық мәслихат аппаратының  басшысы  (А.Сұлтанов) осы бірлескен қаулы және шешімнің Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның  ресми  жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімінің міндетін                               Сессия   төрағасы

атқарушы

Б. Азбаев                                                        К. Мұқанов

 

Облыстық  мәслихат  хатшысы

М. Құлшар