БҚО Бөкей ордасы ауданы Орда ауылдық округінің Макар елді мекенін және Саралжын ауылдық округінің Бескөл елді мекенін тарату туралы

 

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ

ӘКІМДІГІ

 

 

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫ

БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ және ШЕШІМ

 20___   жылғы  __________                                                                    №  ____________________

 

Орал қаласы                                                                                      город Уральск

 

 

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Орда ауылдық округінің Макар елді мекенін және Саралжын ауылдық округінің Бескөл елді мекенін тарату туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңына сәйкес, Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 18 наурыздағы №69 және Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 наурыздағы №25-7 «Бөкей ордасы ауданының кейбір елді мекендерін тарату туралы» бірлескен қаулысы және шешімі негізінде Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Орда ауылдық округінің Макар елді мекені және Саралжын ауылдық округінің Бескөл елді мекені таратылсын.
  2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы бірлескен қаулы және шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Облыс әкімі

Ғ. Есқалиев

 

Сессия төрағасы

А.Потиченко

 

Облыстық мәслихат хатшысы

М. Құлшар