БҚО бойынша 2019 – 2025 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы

Жоба

 

Орал қаласы                             № 23                   ____ __________ 2019  жыл

 

Батыс Қазақстан  облысы бойынша

2019 – 2025 жылдарға арналған

қоршаған орта сапасының нысаналы

көрсеткіштерін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19 бабы 3 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысы бойынша 2019 – 2025 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері бекітілсін.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, табиғат пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту мәселелері бойынша тұрақты комисиясына жүктелсін.

3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                                       М.Құлшар         

 

Батыс Қазақстан облыстық

мәслихатының

2019 жылғы   наурыздағы

№23- шешіміне

қосымша

Батыс Қазақстан облысы бойынша 2019-2025 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналық көрсеткіштері

Нысаналық көрсеткіштің атауы

(өлшем бірлік)

2019 ж. 2020 ж. 2022 ж. 2025 ж.

Атмосфералық ауа

Атмосфераға бөлінетін

ластағыш заттардың жалпы шығарынды

мөлшері

мың  т/ж.

89,85 85,88 77,92 66,00
Атмосфераға бөлінетін

ластағыш заттардың

нақты шығарынды мөлшері

млн. т/ж. ЖӨӨ

38,7 34,2 28,8 21,8
Көміртек оксидінің (СО) нақты шығарынды мөлшері

млн. т/ж. ЖӨӨ

11,8 11,2 10,1 8,57
Күкірт диоксидінің (SO2)

(млн. т/ж. ЖӨӨ)

нақты шығарынды мөлшері

2,60 2,28 1,92 1,45
Азот диоксидінің

(NO2)

(млн. т/ж. ЖӨӨ)

нақты шығарынды мөлшері

 

3,76 3,27 2,75 2,08
Азот оксидінің

(NO)

(млн. т/ж. ЖӨӨ)

нақты шығарынды мөлшері

0,61 0,53 0,45 0,34
Автокөліктің әсер етуінің реперлік қадағалау

нүктесі

(Еуразия-Достық қиылысы), көміртек оксидінің  (СО)

РЕК м.р.бойынша концентрациясы

2,2 2,0 1,5 1,0
Орал қ.

атмосфера ластануының комплексті индексі (ИЗА 5)

2 2 ≤2 ≤2
Ақсай қ.

атмосфера ластануының комплексті индексі

(ИЗА 5)

2 2 ≤2 ≤2

Жер үсті суларының сапасы

Шығарынды сулар мөлшері (мың т/ж.) 8,54 8,11 7,22 5,90
Ластағыш заттардың нақты шығарынды мөлшері

(млн. т/ж. ЖӨӨ)

3,68 3,23 2,67 1,94

Қалдықтар

Өндірістік қалдықтардың олардың пайда болуына қатысты

қайта өңдеу үлесі, %

50 70 ≤80 ≤80
Қатты тұрмыстық  қалдықтарды олардың пайда болуына қатысты

қайта өңдеу үлесі, %

3,4 7,8 11,9 18,0
Қалдықтарды жинау және тасымалдау үшін Орал қаласының тұрғындарын қамту, %

 

62,0 64,5 67,0 70,0

Өсімдіктер және экожүйелер

Мемлекеттік орман қорының аумағында орман алқабымен  жабылған аудан 103,0 104,0 105,0 106,0
Ерекше қорғалатын аудандардың облыс  аумағына қатысты үлесі, % 0,012 0,016 0,036 0,059

 

Ескерту:

*- Батыс Қазақстан облысы бойынша 2019-2025 жж. арналған  қоршаған орта  сапасының нысаналық көрсеткіштерінің нәтижесі БҚО-ның  табиғи ресурстарды басқару және пайдалануды реттеу   басқармасының  дайындаған «БҚО бойынша 2019-2025 жж. ҚОСНК» жобасы бойынша қамтамасыз етіледі.